Menu HELPDESK

Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасы Студенттер концерті

10 қараша
18:30
Камералық зал


2022 жылдың 30 қазанында Алматыда Халықаралық ағаш үрмелі аспаптар академиясы өз жұмысын бастады. Кореяның, Германияның, Францияның және Италияның жетекші оқытушыларынан – Сунг-хён Чо (Корея, флейта), Томас Хатчинсон (Жаңа Зеландия/Франция, гобой), Джованни Пунци (Италия, кларнет), Ромен Лукас (Германия/Франция, фагот) практикалық шеберлік-сабақтары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтуде. болады.

 Іс-шараның негізгі серіктестері мен ұйымдастырушылары: Батырхан Шүкенов атындағы қор, Қазақ ұлттық консерваториясы, Жамбыл атындағы Қазақ филармониясы, Қазақстандағы Гете институты, Алматы Француз альянсы. Халықаралық шара үшінші қарашаға дейін жалғасын таппақ. Шараға бастамашы болған – Ержан Құшанов (флейта, Қазақстан).

Е.Құшанов – Париж жоғары ұлттық музыка және би консерваториясының түлегі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің флейта тобының концертмейстері, Banque Populaire қорының лауреаты, Парижде өткен халықаралық флейта байқауының I жүлде иегері.








вернуться к списку концертов