Menu HELPDESK

Оқас Индира Оқасқызы

ОҚУДЫ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


c924322f-d59b-44f4-81d8-c8268b9be357.jpg





      БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

   
      Тел.:
      

      E-mail: okas.i@mail.ru







1. БІЛІМІ:

2001-2005 жж. – Қазақ қыздар педагогикалық институты. Мамандық: Информатик, информатика пәнінің оқытушысы.

2. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ (ЖЫЛЫ, МЕКЕМЕ, ЛАУАЗЫМЫ):

10.2005-01.2017 жж. – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – Офис тіркеуші. Лауазымы: Аға менеджер.
01.2017-10.2017 жж. – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – Офис тіркеуші. Лауазымы: Статист.
10.2017 ж. бастап осы уақытқа дейін Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы – Оқуды жоспарлау бөлімі. Лауазымы: Аға менеджер.
10.09.2020 ж. – Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы. Оқуды жоспарлау бөлімінің жетекшісі.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ОЖБ лауазымдық міндеттері:


1. Кафедралардың оқу жоспарларын, оқу жұмыс жоспарларын (ОЖЖ) әзірлеу жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

2. ПОҚ педагогикалық жүктемесін есептеу үшін академиялық күнтізбені, оқу үрдісінің кестесін және уақыт нормаларын әзірлеуге қатысады;

3. Офис-тіркеушісімен бірлесіп ПОҚ педагогикалық жүктемесін есептеу және сабақ кестесін жасау үшін академиялық топтарды құрады;

4. МЖМБС талаптарын, мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын (ТОЖ) ескере отырып, оқу жұмыс жоспарларына сараптама жүргізеді;

5. АЖЖ "Платонус" бағдарламасының базасында мамандықтардың ОЖЖ бойынша ақпараттардың қалыптастырылуын және жаңартылуын бақылайды және жауапты болады;

6. ОЖЖ кафедраларының педагогикалық жүктемесінің есебінің сәйкестігін тексеруге қатысады;

7. Кафедралардың ПОҚ педагогикалық жүктемесінің бөлу нормативтеріне сәйкестігін тексеруге қатысады;

8. Жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес кафедра ПОҚ педагогикалық жүктемесінің орындалуын тексеруге қатысады;

9. Мамандықтардың, білім беру бағдарламаларының, курстардың және тіл бөлімдерінің бекітілген оқу жұмыс жоспарларына сәйкес сабақтар кестесін, емтихандарды, СОӨЖ кестесін қалыптастыруға бақылау жасайды және жауапты болады;

10. Жеке сабақтарды жинау және жалпы кестеге енгізу үрдісін бақылайды;

11. Факультет деканаттарына бекітілген сабақтар, емтихандар кестесін ұсынуды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады;

12. Жазғы семестр кестесін қалыптастыру процесін бақылайды;

13. Оқу сабақтарын өткізудің белгіленген тәртібін, оқу үрдісі кестесінің, оқу сабақтары мен емтихандар кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

14. Аудиториялық қорды оңтайлы пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;

15. Декандар мен кафедра меңгерушілеріне ОПҚ-ның оқу үрдісі тәртібінің бұзылуы (кешігу, оқу сабақтарының, емтихандардың бұзылуы және олардың рұқсат етілмеген ауыстырылуы) туралы ақпаратты жеткізеді;

16. Кафедраларға оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді және көмек көрсетеді;

17. Кафедраларға жаңа мамандықтарға лицензия алу үшін құжаттар пакетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

18. Ішкі академиялық ұтқырлықты іске асыру шеңберінде серіктес ЖОО-мен жұмыс оқу жоспарларын (ОЖЖ) синхрондау және шарттарды дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады;

19. Ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттердің құжаттарын (транскрипт, жеке оқу жоспары) дайындауға жұмысты ұйымдастырады және жауапты болады;

20. Ішкі академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру бойынша офис регистратормен бірлесіп бұйрық жобаларын дайындайды;

21. Кафедралар мен халықаралық бөлімге сыртқы академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша ECTS жүйесі бойынша трансфер және кредиттерді қайта есептеу бөлігінде кеңес береді;

22. Кредиттік технологияға сәйкес оқу процесінің регламенті бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді;

23. Анықтама сипатындағы жиынтық материалдарды, Жоғары тұрған ұйымдардың сұратуы бойынша статистикалық деректерді дайындайды;

24. ЖОО рейтингтеріне консерваторияның дайындығына және қатысуына ОҮЖжҰҚ оқу-әдістемелік бөліміне жәрдемдеседі;

25. Бакалавр, магистрлік және докторлық бағдарламалар мамандықтары бөлінісінде элективті пәндер каталогын қалыптастыру бойынша жұмысқа қатысады;

26. Тіркеу кеңсесіне бітірушілердің құжаттарындағы ақпараттың дұрыстығын тексеруге көмек көрсетеді (бітіргені туралы диплом, транскрипт, дипломға қосымша);

27. Білім беру үрдісін жоспарлаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

28. Қызмет жұмысы мәселелері бойынша ОҮЖжҰҚ жетекшісінің тапсырмаларын орындайды.