Menu HELPDESK

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҢ ӨНЕГЕЛІК-РУХТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҢ ӨНЕГЕЛІК-РУХТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Қазақтың көпғасырлық музыкалық-поэтикалық және прозалық фольклоры уақыт сынынан өтіп, көптеген ұрпақтың талаптары мен эстетикалық талғамына сай қалыптасуда. Оның түрленген көркемдік жетістіктері және рухтық құндылықтары халықтың ғасырлар бойы келе жатқан төл мұрасының бай саласы.
«Қазақстанның мәдени мұрасы» атты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фольклорлық ғылыми зерттеу зертханасының Жамбыл және Түркістан облыстарына ұйымдастырылған фольклорлық-музыкалық экспедициясының есебі
«Қазақстанның мәдени мұрасы» атты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фольклорлық ғылыми зерттеу зертханасының  Жамбыл және Түркістан облыстарына ұйымдастырылған фольклорлық-музыкалық экспедициясының есебі
2019 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің қолдауымен, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен Жамбыл және Түркістан облыстарына фольклорлық экспедиция ұйымдастырылды.
Эспедиция мүшелері: Пазылова Айткүл – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, фольклорлық зертхананың кызметкері; Бәбіжан Бағлан – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының докторанты; Балмағамбетова Ләйлә – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Композиция және музыкатану» кафедрасының магистранты; Өмірзақов Мәди – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенті.
Жамбыл облысына фольклорлық экспедиция 2019 жылдың 21-ші тамызында шықты. Облыстағы барлық аудандарды қамту үшін алдын-ала төмендегідей кесте жасалды:
21-22 тамыз – Қордай ауданы;
23-тамыз – Меркі ауданы;
24-тамыз – Шу қаласы;
25-тамыз – Шу ауданы;
26-тамыз – Мойынқұм ауданы;
27-тамыз – Рысқұлов ауданы;
28-тамыз – Байзақ ауданы;
29-тамыз – Жамбыл ауданы;
30-тамыз – Жуалы ауданы;
31-тамыз – Талас ауданы;
1-қыркүйек – Сарысу ауданы.

Облыс территориясы 144,6 мың км. қамти отырып, солтүстіктен-оңтүстікке дейін 400-км-ге, батыстан шығысқа дейін 500 км-ге созылып жатыр. Солтүстіктегі жазықтық бөлігін Бетпақдала үстірті, Шу өзені алабы, Мойынқұм құмды шөлі алып жатыр. Оңтүстігінде Шу-Іле таулары (Бұрынтау), Іле Алатауының батыс бөлігі Кіндіктас таулы қыратымен қосыла отырып, Қырғыз Алатауының солтүстік беткейлері Талас Алатауы және оңтүстік шығыс Сырдария Қаратаулары алып жатыр.
1934 ж. 14 қазанда осы аймақта өз алдына Жамбыл облысы құрылды. Оның құрамына аталған ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан Жуалы ауданы берілді. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 133 кенттік және ауылдық округтер бар. Олар:
1. Жуалы ауданы – орталығы Б.Момышұлы ауылы;
2. Жамбыл ауданы – орталығы Аса ауылы;
3. Байзақ ауданы – орталығы Сарыкемер ауылы;
4.Талас ауданы – орталығы Қаратау қаласы;
5. Сарысу ауданы – орталығы Жаңатас қаласы;
6. Т.Рысқұлов ауданы – орталығы Құлан ауылы;
7. Мерке ауданы – орталығы Мерке ауылы;
8. Шу ауданы – орталығы Төле би ауылы;
9. Мойынқұм ауданы – орталығы Мойынқұм ауылы;
10. Қордай ауданы – орталығы Қордай ауылы.



Аталған аймақтың едәуір үлкен бөлігінде Ұлы жүзге қарайтын рулар орналасқан. Мұндағы фольклор нұсқаларын айтқан респондеттер ˗ «Дулат» руының Ботбай және Жаныс, Сиқым, Шымыр тармақтарының өкілдері болып келетін, негізінен, жасы үлкейген әйел кісілер болды. Мойынқұм ауданында Орта жүздің Арғын, Уақ рулары көп мекендегенін ерекше атап кету керек.

Экспедиция барысында таспаға қазақтың үйлену салтына қарасты беташар, тойбастар, сыңсу, құдаларға құйрық-бауыр асату әні әйелдер мен ерлердің жар-жарлары, күнтізбелік ғұрыпқа жататын жарамазан, түрлі баталар жазылып алды. Ғұрыптық емес фольклор бойынша Жамбыл облысында негізінен қара өлең кең тарағаны анықталды. Сондай-ақ, бұл қатарға бесік жырлары мен арнау-әндер қосылып жазылды. Жетісудың оңтүстік-батысына қарайтын бұл өңірде, әсіресе Қордай ауданында, Кенен Әзірбаевтің әндері жиі шырқалатыны белгілі болды.

Экспедиция өз жұмысын Қордай ауданының «Кенен» ауылынан бастады. Ауылдық мәдениет үйінің жанында ұйымдастырылған «Насиха» әжелер ансамблінің әжелері алғашқылардың бірі болып таспаға жазылды. Әжелер репертуарынан сол ауылда туып-өскен белгілі әнші-сазгер, ақын Кенен Әзірбаевтың «Нұрлы жаз», «Жаппарбек», «Басты өлең» деген әндері, және одан басқа жарапазан, тойбастар, қара өлең жанрлары да жазылып алынды. Экспедиция жұмысы одан әрі Қордай ауданының орталығы Қордай ауылының әжелер ансамблін, сондай-ақ, Сұлутөр, Отар, Талапты, Ноғайбай, Шарбақты, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 ауылдарына шығып, жергілікті тұрғындардан көптеген әндер жазылып алынды. Олардың ішінде ерекше атап өтетін орындаушылар да кездесті. Қордай ауылының тұрғыны, белгілі әнші Қарлығаш Қожағазина, Күнбатыс-2 ауылынан Байбатшаева Шәйкүл, Барменова Несіпкүл тағы басқаларынын ерекше айтуға болады.

23-ші тамыз күні экспедиция мүшелері өз жұмысын Меркі ауданында бастады. Меркі аудан орталығында әжелер ансамблі, және Ақарал, Ақермен, Қостаған, Ақтоған, Кеңес, Қызыл ту, Андас батыр, Қазақ дихан ауылдық мекендер тұрғындарынан фольклорлық ән нұсқаларын жазып алды. Олардың ішінде кәсіби әншілер – Андақұлов Досымбек, Шошабаев Бейбіт, ел ішіндегі әншілер – Оспанова Амангүл, Мақашова Оңлан, Қарабаева Айзада, Қалтайқызы Несіпкүл, Жұмағұлов Исабай, Ниязбеков Есен деген кісілерді ерекше өнер иелері деп тануға болады.

24-тамыз күні экспедициялық топ Шу ауданына жолға шықты. Мұнда ең әуелі аудан орталығы Төле би ауылының мәдениет үйінде ауданға белгілі өнерпаздардың өнері таспаға жазылды. Олардың ішінде белгілі күйші –Әбдімомын Желдібаев, термеші – Нұрболат Іңкәрбеков, кәсіби әнші – Қасымбеков Ербосынды ерекше атап өтуге болады. Одан әрі қарай экспедиция өз жұмысын Шу ауданына қарасты Балуан Шолақ, Бірлік, Көктөбе, Кербұлақ ауылдарында жалғастырды. Ол елді-мекендердің ішінде Дүйсенова Мадина, Орынбаева Орынкүл, Сүлейманова Нұржамал, Торкулиева Тұрсынай, Бесіншібай Нұрқажаұлының өнерлерін ерекше деп санауға болады.

26-тамыз экспедиция жұмысын Мойынқұм ауданында бастады. Ауданда Ұлы жұз халықтарынан басқа орта жүз уақ, арғын рулары көп мекендегенін айта кету керек. Бұл ауданның өнерпаздарының басым көпшілігі негізгі екі ауылға – Бірлік және Талдыөзек ауылдарына жиналды. Ел ішіндегі өнерпаздар ішінен Бірлік ауылының әжелер ансамблін және Ыбраева Рәткүл, Бимамбетова Дүрияш, Жұмабаева Роза, Шарипбаева Клара, Досбергенқызы Биқұт, Ырысқұлұлы Тәжібай, Арыстанбеков Тұрмағанбет деген өнерпаздардың өнерлерін атап кеткен дұрыс.

27-тамыз күні экпедиция жұмысы Рысқұлов ауданында жалғастырды. Бұл ауданның Құлан, Қазақ, Абай, Көкдөнен, Жақсылық ауылдарынан Қиялбекова Гүлнұр, Шіркеева Аманкүл, Махамбетова Гүлбахрам, Нүсіпалиева Лиза, Құлмаханқызы Гүлназиядан жазылып алынған әндер ерекше деп айтуға болады.

28-тамыз экспедиция Байзақ ауданында өз жұмысын жалғастырды. Мұндағы аудан орталығындағы Ерлер ансамблінің орындауында бірнеше әндер жазылып алынды. Олардың ішінен Тілепов Амангелді, Ақназаров Күнтуған, Құдайбергенов Бақберген, Тазабеков Ертай, Арынұлы Көпжасар, Жылысбаев Нұрболат, Басықараев Болатбек өнерлерін ерекше атап өтуге болады. Алыс жақын елді мекендерден: Амангелді ауылынан – Мақұлбайқызы Сапаркүл, Байзақ ауылынан – Айтымбетова Патшайым, Мырзатай ауылынан – Қарасаев Айбек өнерлерін ерекше атауға болады.

29-тамыз экспедициялық топ Жамбыл ауданында өз жұмысын жалғастырды. Мұнда аудан өнерпаздары аудан орталығы Аса ауылына жиналған. Мұнда Шәйқорық ауылынан батагөй – Рысбаев Орынбай, күйші Қадралиева Индира, Қаракемер ауылынан термеші Оспанов Кенжетай, Шәйқорық ауылының әжелер ансамблін, Қарой ауылынан термеші – Меңдібаев Орынбасар, Аса ауылынан термеші Ақан Сыдықовтардың орындаған шығармалары таспаға жазылып алынды.

30-тамыз экспедиция жұмысы Жуалы ауданында жұмысын жалғастырды. Мұнда аудан орталығы Б.Момышұлы, Талапты, Билікөл ауылдарынан Қойлыбаев Ермахан, Кәшкеева Гүлнар, Мықтыбеков Мәлік, Тасбол Бисултан, Қаттыбекова Назипа, Сәрсенбаева Ұлбосын, Мұсабай Жәмилә, Бердібаева Тәлімкүл, Көпболсын Мияткүл т.б. өнерпаздардың өнерлері таспаға жазылды;

31-тамыз экспедициялық топ Талас ауданына жол тартты. Бұл ауданның өнерпаздары аудан орталығы Қаратау қаласына жиналған. Аудандық мәдениет үйіндегі әжелер ансамблін, Аққұм, Ойық, Шәкіров, Талапты ауылдарынан келген Молдабаева Данагүл, Түлкібаева Теңгегүл, Кертаева Зейнегүл, Назарова Кенжеш, Бекжігітова Жайдаркүл өнерпаздарын ерекше атап өтуге болады.

1-қыркүйек күні экспедиция жұмысы Жамбыл облысының соңғы ауданы Сарысу ауданына келді. Мұнда да аудан өнерпаздары аудан орталығы Жаңатас қаласына жиналған. Осы жерде жергілікті композитор Төлеу Ұшқоңыровтың көп әндері жазылды. Дәстүрлі әнші Кенжебаев Ахат, Құсаинов Талғат, Бекниязова Клара, Шәкімова Ырыстықыз, сондай-ақ, Жаңатас қаласынан Сапарбаева Шәкизат, Байқадам, Жайылма ауылдарынан Төлегенова Тайлан, Ырсалина Анюша, Сатқынтегі Серік т.б. ән-күй, термелері таспаға жазылды.

Жалпы экспедиция барысында Жамбыл облысынан 200-ден аса фольклорлық жанрлар жазылып алынды.

02-қыркүйек Түркістан облысына экспедициямызды бастадық.

         Жамбыл облысы Байқадам ауданынан, Тараз қаласына түнгі 2 лер шамасында келіп, таңертең ерте Түркістан облысының Түлкібас ауданына жол тарттық.

         02-қыркүйек күні Түлкібас ауданының орталығы Тұрар Рысқұлов ауылына келіп ауылдың қарияларынан (ата-әжелерден) Дәулетқызы Базаркүл, Малыбаева Жұмағыз, Балтабаева Тұрсынкүл, Спатаева Сейсенкүл т.б. «Жоқтау, «Сыңсу», көне ел арасында сирек орындалатын халық әндерін жазып алдық.

         Келесі барған ауданымыз, Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылы. Сайрам аудандық мәдениет үйінің басшысы Сейдуалы Райымқұлов мырзаның ұйымдастыруымен жиналған ауыл қарияларынан ауылдың алты ауызын жазып алдық.

         03-қыркүйек күні Қазығұрт ауданының Шарбұлақ ауылынан суырып салма Төлеш ақынның немересі Төлешов Сейділләдан атасының бірнеше термесін жазып алдық, және де Смаилов Мұхамедияр, Бегімбетов Жантөре, Мәмбетова Гүлмира т.б. ауыл тұрғындарынан терме, халық әндерін жаздық.

         Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылынан, әжелер ансамблінің мүшелері Далбаев Бектай атамыздан бата, Қалбанова Құрбанкүл, Сазанбекова Баян, Әміре Гүлхан апаларымыздан халық әндерін, тұрмыс-салт жырларын жаздық. Осы ауданның Жаңа Талап ауылының тұрғыны 100 жастағы Лесбекқызы Қант әжемізбен кездесіп батасын алып, барлығы 16 ән, оның ішінде 1 бәдік өлең, 2 өзбек әнін, бірнеше тұрмыс салт жырларын және жұмбақ өлең жаздық. Қазығұрт ауданынан шығып, әрі қарай Төлеби ауданына жол тарттық.

Төле би аудандық мәдениет үйінде бізді бір топ ауыл қариялары, орта буын жастар қарсы алды. Мәселен, Баишов Әбдімәлік, Әбдімомын Есқараұлы, Тұрғынбек Манапов, Сүгірәлиева Раушан, Оралбекова Үрбіш, Тұрғынов Ерулан, Иманәлиева Пернеайым ауыл тұрғындарынан бата, ән термелер жаздық.

04-қыркүйек таңертең сағат 10-да Сарыағаш аудандық мәдениет үйіне жиналып күтіп отырған ауыл қарияларымен, мәдениет үйінің әншілерімен кездесіп, батаның бірнеше түрін, халық әндері, термелер жазылып алынды. Бердияр Сүлеймен, Пазылов Манас, Сүлейменов Мұстапа, Аликұлов Тасболат қариялардан батаның түр-түрін жазып алсақ, Серкешова Тәжігүл, Қосәлиева Күләйім, Шүменбаева Күлсара апаларымыздан көне халық әндерін жаздық, Богатова Глафираның орындауында жетігенмен ескі халық әнін жазып алдық.

Шардара қаласының мәдениет үйінде Шекеров Тәшман атамыздың орындауында, өзінің бірнеше күйін, термелер жазсақ, Жарылқасын Ізбайқызынан халық әнін жазып, Айдаров Әбдіғаппар, Дауылбаев Қанат, Бегманов Сәкеннен термелер жазылынды.

05-қыркүйек Жетісай қаласына келіп, ертеңіне ауыл қарияларымен, әжелер ансамбілімен кездесіп көптеген халық әндерін жаздық. Атақты ақын термеші Оразбаев Бейсенбай (Оңғар) ағамыздың үйіне бардық, өзінің термесін (әуені халықтікі) және Тұрмағамбеттің Шахнамасынан үзінді орындап берді. Сапаралы Серікбаев ағамыздан әлі де жарыққа шықпаған, естілмеген көне халық әндерін жазып, олжалы қайттық. Жетісайдың Мырзакент ауданында батагөй Қалжанов Зұлпыхар, Сесенов Әмірәлі, Бестібаев Таңбай, Қайбұлдаев Ибаділлә, Мұсаев Жаңабай, Мерғапов Асқар аталарымыздан батаның көптеген түрін жазып, Мырзалиева Қыздаркүл, Сарыбайқызы Арзыгүл, қарияларымыздан халық әндерін, Сәбденов Ерубайдан бірнеше терме жазып алынды.

06-қыркүйек таңертең Келес аудандық мәдениет үйінде бізді, мәдениет үйінің директоры ақын Жарқынбек Наушабаев және ән айтатын, бата беретін ата-апаларымыз қарсы алды. Қадіров Орман атамыздан бірнеше бата жаздық. Әзімқұлова Әділет, Жандарова Ынтық, Уразова Нышанкүл, Сұлтанова Айсара апалардан халық әндерін жазсақ, Сұлтанова Гүлайнаның орындауында естілмеген ескі қазақтың әдемі халық әнін жаздық.

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекеніне бардық. Бәйдібек аудандық мәдениет үйінің директоры Ерғали Есмырзаев бізді Домалақ ана кесенесіне және Ақмешіт үңгіріне алып барды. Сонымен қатар экспедициямызды ауыл қарияларымен кездесіп әнмен жалғадық. Әлиева Әтір Өзбекқызы Бәйдібек аудандық әжелер алқасының төрайымы, Бермаханова Несіпкүл, Тәшімбетова Тұрғанкүл Алтын алқа иегері. Әжемізден бірнеше халық әндер жазып, батасын алдық және көптеген ата әжелерімізден көне халық әндерін жаздық Шаян ауылының тұрғыны Донбаев Ергенбай ағамыздан өзінің шығарған «Қос бура», «Қара бура» күйлерін және Т.Момбековтың «Балдәурен» күйлерін жазып алдық. Ергенбай ағамыз күйші композитор ғана емес сонымен қатар домбыра жасайтын шебер. «Отыз жеті жасымда қатты қапаланып жүрген кезім еді, бір күні жатсам түс көрдім, түсімде бір кісі келіп: «Мына бала неге жатыр, тұр балам бәрі жақсы болады, мә балам мынаны ал деп маған бір нәрсені бергендей болады, түсімде оянып қарасам ұзын бойлы ақ киім киген басында сәлдесі бар ата кетіп барады екен, оянып кетсем түсім екен». Жатқан жерім, мал дәрігері болып жүрген кезім еді, кеңестер одағы кезінде бір ілікпен істі болып абақтыға жабылған болатынмын. Осы түстен кейін көп ұзамай ақталып абақтыдан шықтым. Абақтыдан шыққаннан кейін, тосыннан келген бір көріпкел кісі «Сен домбыра қолтықтап жүрсің ғой, иығыңда үлкен бір қара кісі отыр, әсте сенің күзетшің болар қорғап жүрген» - деп айтты. Содан кейін абақтыда көрген түсім есіме түсті «Мә балам, ал мынаны» дегені «домбыра» екен ғой деп, содан бастап отыз екі жыл болды домбыра жасаймын» - деп әңгімесін аяқтады.

07-қыркүйек «Мыңжылқы» мәдениет үйіне барып ауыл қарияларымен кездестік. Маруа Қайыржанова апамыз «Ұлағат», Мәдениет медальдарының иегері. Созақ аудандық әжелер алқасының төрайымы. Шоңғараева Шолпан денсаулық саласына сіңірген еңбегі үшін «Ұлағат» медалімен марапатталған. Таукент кентінің әжелер алқасының төрайымы. Шолпан апамыздың орындауында көне халық әндерін жаздық. Райымқұлова Рысты, Әділова Рысай, Жұпарбаева Маржанқыз апаларымыздан қазақтың ескі халық әндерін жазып алдық. Шертпе күйші, композитор Жүзбаев Ерғали ағамыз өзінің шығарған бірнеше күйлерін орындап күйлерінің шығу тарихын айтып берді. Теріскейден шығып, қарт Қаратаудың ішімен күнгей жаққа жол тарттық.

09-қыркүйек Отырар ауданы, Темір ауылының мәдениет үйіне бардық. Мәдениет үйінде үлкен буын, орта буын, жас буын, ауыл мәдениетіне үлестерін қосып жүрген ауыл тұрғындары және Отырар аудандық мәдениет сарайының директоры Сағынтай Құттыбай күтіп алды. Отырар ауданының ауылдарынан келген 16 өнерпаздан терме әндер жазып, түсауа Балтакөл елді мекеніне қарай жолға шықтық. Балтакөл ауылында Алтыбаев Бектемір атамыздан күй, Маупасова Рахима апамыздан ән жазып алдық.

10-қыркүйек Кентау қаласының Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде Түркістан мен Кентау қалаларының маңындағы ауылдардан келген бір топ ата-әжелеріміз, іні-сіңлілерімізден бата, ескі халық әндерін жазып, орта буын жастардан оңтүстікке тән термелер жазып алдық. Әлібеков Шерхан қобызбен терме орындайды, бірақ бұл жолы домбырамен терме орындап берді.

11-қыркүйек Түркістан қаласы. Түркістан қаласынан 78 жастағы Маусымбаева Тілләкүл апамыздан бірнеше көне халық әндерін жазып алдық. Тілләкүл апа «Алтын алқа» иегері.

Республикамыздың кез-келген аймағында қазақтың музыкалық фольклоры әлі күнге дейін сақталғанына көзіміз жетті. Түркістан және Жамбыл облыстарының аймағының кеңдігіне байланысты бір облысқа 10 күндік экспедиция сапары өте аз екендігін тілге тиек еткіміз келеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұмтыла бастаған музыкалық мұраларын жинақтау мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Фольклорлық ғылыми зерттеу зертханасының фольклорлық экспедициясына демеушілік жасағаны үшін алғыс айтады.

Б.Бәбіжан, А.Пазылова, 07.10.2019. 


Жамбыл және Түркістан облысына ұйымдастырылған        

фольклорлық экспедицияның респонденттері





Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Ақ әжелер» ансамблі



Қордай ауданы, Мәдениет үйінің «Парасат» әжелер ансамблі



Жүнісқұлова Қалила Қордай ауданы, Шарбақты ауылының түрғыны



Манапова Шәйкүл Қордай ауданы




Италмасов Жаубасар, Қордай ауданы



Саймаханов Қайрат, Қордай ауданының тұрғыны



Малжанова Сәулекүл, Қордай ауданының тұрғыны




Сағындық Бегалыұлы



Әбдімомын Желдібаев, күйші-композитор

Шу ауданы, Төле би ауылы




Т.Рысқұлов ауданы, Абай ауылы,

экспедиция мүшелері А.Пазылова, Б.Бәбіжан респонденттерді жазу барысы




Сарыкемер ауданының Мәдениет үйінің «Ерлер ансамблі»



Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы Мәдениет үйінің «Әжелер ансамблі»




КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ШЫҒЫСТЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМЫ ӨТТІ
КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ШЫҒЫСТЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМЫ ӨТТІ
2019 жылдың 17 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында студенттік театрдың қатысуымен КСРО Халық артисі Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шығыстың бұлбұлы» атты театрландырылған қойылымы өтті. Іс-шара әйгілі әншінің 19-сәуір күнгі туған күніне орай ұйымдастырылды.

Сахналық қойылым Күләш Байсейітованың мектеп оқып жүрген кезінен бастап, Қазақтың тұңғыш драма театрына қабылданып, КСРО халық артисі атағын алып, жетістікке жету үшін өмірі мен өнердегі қиындықтары туралы көрсетеді. Қазақтың әйгілі әншісі қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Күләш Байсейітованың рөлін консерваторияның 1 курс студенті Уәли Меруерт сомдады. Қойылым соңында көрермендер орнынан тұрып жас әртистердің шеберлігіне алғыс білдіріп, қошемет көрсетті.

Айта кетейік, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дебют» студенттік театры 2019 жылдың 25-26 ақпан күндері Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жастар жылы мен Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына орай «Бабалар жолы – халқының мұрасы, ұрпаққа аманаты!» атты Республикалық студенттік театрлар фестивалінде «Тар заманда тарихты түгендеген Ермахан Бекмаханов» спектаклімен І орынды және «Үздік қойылым» номинациясын еншілеген болатын.
«Менің отбасым» байқауы өтті
«Менің отбасым» байқауы өтті
2019 жылдың 27 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында Отбасы күніне орай «Менің отбасым» байқауы өтті. Байқауды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесе ұйымдастырды. Жоба қала әкімі Бауыржан Байбек бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2019 жылғы іс-шаралар жоспары бойынша жүзеге асырылып отыр. Байқауға консерватория студенттері және олардың жанұялары қатысты.
Консерватория студенттері Алматы метросы жолаушыларына 8-наурыз мерекесіне орай көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Консерватория студенттері Алматы метросы жолаушыларына 8-наурыз мерекесіне орай көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық офисімен бірлесіп метро жолаушыларының әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз күнімен құттықтады.
Жас орындаушы-студенттер Метро жолаушыларына ерекше мерекелік, қуанышты көңіл-күй сыйлап, олардың назарына әсем әуендерін ұсынды. «Мәскеу» бекетінен «Райымбек батыр» бекетіне дейін жанды музыка шырқалып, ұлттық аспаптарда атақты күйлер мен танымал лирикалық шығармалар орындалды.
Әйелдер мерекесі қарсаңында қуаныш сыйлаған жас дарынды орындаушыларды смартфондарына суретке түсіріп, тамашалаған жолаушылар тыңдаған әуендерінен үлкен әсер алып, жағымды сезімдерге бөленді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына Пікір
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына                                                                          Пікір
Өнер саласындағы дәстүрлі музыка аясындағы білім алушы жастарға көнеден жеткен асыл мұраларымызды жанжақты тереңінен тануға әр жылдардағы Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдаулары  бүгінгі таңда үлкен мүмкіндіктер тудырып отыр. Олар: «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы», «Мәдениетті қолдау», «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жобалары. Біз білім алатын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы ұстаздарымыздың  зерттеу еңбектерінің арқасында өз өлкеміздің ән-күй мұрасы аясында қалмай біліміміз толықты. Осы шараларға жалғасқан Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Рухани жаңғыру жолдауының жалғасы, біз жаскүйшілер Ұлы күйшілердің орындаушылық және шығармашылық өнерінің хронологиялық жүйесі жасалып, олар туралы энциклопедияда бір орталықтанатынына сенімдіміз. Тағы бір маңызды тіні белгілі орындаушылардың үн-бейне таспаларының сандық жүйеге енетінене қуаныштымыз және өзімізде нәтижелі іске ат салысамыз. Себебі алдыңғы буынның ыждағатты еңбегімен Қазақ күйінің ЮНЕСКО халықаралық бірлестігі палатасының  материалдық емес құндылықтар қорына тіркелуі, ағымдағы жылы Құрманғазы бабамыздың 200 жылдығының осындай әлемдік деңгейде атап өтілуі біз үшін үлгі, алға жетелейді, зор міндеттер жүктейді. Көне мұралардың бүгінгі күнге жалғасуы, болашағының мәңгі екенін танытады, өйткені «күй» еш елде жоқ ұлтымызға ғана тән асыл мұра, халқымыздың болмысы, тарихы, шежіресі, ұраны.  Ұлт болашағы өнерлі жастардың да биіктерге жеткізержарқын жолы.
Тұңғыш Елбасы Қоры стипендиясының иегері,
Құрманғазы атындағы ҚҰК
Халық музыкасы факультетінің  4-ші курс студенті
Әбдуахап Сымбат Изатуллақызы.
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
          Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уа¬қыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уа¬қыт пен кеңіс¬тіктің көкжиегі тоғысқан кез¬де ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ға¬на әдемі афо-ризм емес. Шын мәнінде, немістердің, ита¬лия¬лық¬тардың немесе үнді ха¬лық¬та¬рының жыл¬намасына көз жү¬гіртсек, олар¬дың мың¬даған жылды қамтитын төл тари¬хын-дағы ұлы жетістіктерінің де¬ні осы ел¬дер қазір ме¬кен етіп жат¬қан аумақтарға қа¬тыс-тылығы жөнінде сұ¬рақ туын¬дай¬тыны орын¬ды. Әрине, ежел¬гі Рим деген қа¬зіргі Ита-лия емес, бірақ италиялықтар өз¬де¬рінің та¬рихи тамырымен мақтана ала¬ды. Бұл – орын¬ды мақтаныш. Сол сияқ¬ты, ежелгі гот¬тар мен бүгінгі неміс¬тер де бір ха¬лық емес, бірақ олар да Гер¬манияның мол тарихи мұрасының бір бөл¬шегі. По¬лиэ¬тни-калық бай мәдениеті бар ежел¬гі Үн¬дістан мен бүгінгі үнді хал¬қын тарих тол¬қынында үздіксіз дамып ке¬ле жатқан бі¬регей өркениет ретінде қବрастыруға бо¬лады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлт¬¬¬тық тарихымызға терең үңіліп, оның кү𬬬меулі түйінін шешуге мүмкіндік туବды. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақ¬та¬рымен емес, тұтастай қалпында қа¬зіргі за¬манауи ғылым тұрғысынан қа¬рағанда тү¬сінікті болуға тиіс. Оған қа¬жетті дәйек¬те¬ріміз де жеткілікті.
«Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалі мәресіне жетті.
«Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалі мәресіне жетті.
2018 жылдың 13-14 қараша күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалі өтті. 13-қараша күні сағат 10.00-де фестивальдің ашылу салтанаты болып, мереке шымылдығын консерватория ректоры Арман Жүдебаев ашып берді.
«Забота» қарттар үйінде қайырымдылық концерт өтті
«Забота» қарттар үйінде қайырымдылық концерт өтті
Халқымыздың басты адамгершілік құндылықтарының бірден-бірі – ол үлкендерді сыйлау мен оларға үнемі қамқорлық көрсету. «Руxани жаңғыру» бағдарламасының жоспарланған іс-шаралары аясында кеше Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері «Забота» қарттар үйінде қайырымдылық концерт өткізді. Концерттік бағдарлама қазақтың дәстүрлі әндерімен бірге жетіген, домбыра, қобыз сияқты ұлттық ішекті аспаптарда сүйемелдеумен отандық композиторлардың шығармаларын құрады. Бұндай мәдени шаралар үлкен қарияларымыздың көңіл-күйлерін көтеріп, кейінгі ұрпақпен үлкендер арасындағы байланысты арттырады.

Бағдарламалық мақаласының ережелерін жүзеге асыру туралы
Бағдарламалық мақаласының ережелерін жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы нақты адамдар мен ұйымдардың, елдің даму траекториясын анықтаған өткен жылдың басты оқиғасы болды.

Сөзсіз, осы мақала Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының барлық бағыттағы қызметін іс жүзінде қозғайды.Консерваторияның оқу үдерісінде мақаланың ережелері мен міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мамандықтардың оқу бағдарламалары, диссертациялар мен диссертациялардың тақырыптары түзетілді және бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді.