Menu
info@conservatoire.kz

6В01406 – Музыкалық білім беру

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР

БАҒДАРЛАМАСЫ

Күндізгі бөлім (Оқу мерзімі – 4 жыл)


"6В01406 – Музыкалық білім беру" бағдарламасына түсу үшін талапкерлердің алдыңғы білім деңгейлері алған мамандығына қарамастан мынадай болуы мүмкін:

 музыкалық колледж, мамандандырылған музыкалық мектеп;

 қосымша бес және жеті жылдық музыкалық біліммен орта білім беру мектебі;

 өнер колледжі, гуманитарлы-педагогикалық колледжі;

 эстрадалы-цирктік училище; мәдени-ағартушылық училище;

 жоғары оқу орны (екінші жоғары білім алу – ақылы).


І. ОРЫНДАУ ШЕБЕРЛІГІ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЕМТИХАН


Екі тапсырмадан тұрады:

1. Үміткер үш шығарма орындауы қажет:

– пианисттер үшін үш фортепианолық шығарма;

– басқа мамандықтар үшін негізгі мамандығы бойынша кем дегенде 2 шығарма және үшінші шығарма «Фортепиано» пәні бойынша.

2. Коллоквиум орындалатын бағдарлама композиторларының  өмірбаяны, шығармашылығы бойынша сұрақтарды (композитор стилі, жанры, шығармалар сипаттамасы, презентация) қамтиды.


Орындау шеберлігі  І-шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері


35-40 балл:

Үміткер артисттік қабілетін танытуы қажет, аспапта еркін ойнай алуы, авторлық мәтінді сауатты оқуы, шығарма мазмұнын түсінуі, кең ойлай алуы,  музыка тарихы мен орындаушылық өнер бойынша терең білімі.  

28-34 балл:

Үміткер артисттік қабілетін танытуы қажет, аспапты жеткілікті меңгеруі, авторлық мәтінді түсініп оқу, шығарма мазмұнын түсінуі, музыка тарихы мен орындаушылық өнері бойынша жалпы көзқарасы.

20 -27 балл:

Үміткер артисттік қабілетін танытуы және аспапта ойнай алуын көрсетуі қажет, орындалатын шығармалардың мазмұны мен стилистикасын әлсіз түсінуі, музыка тарихы мен орындаушылық өнер бойынша көзқарасы шектеулі

14-19 балл:

Үміткерде артисттік, көркемдік элементтері жетіспейді,  және аспапты меңгеру қабілеті жоқ. Оқуға түсу үшін  бағдарлама келтірілген талаптарға сәйкес келмейді. Музыка тарихы мен орындаушылық өнер бойынша білімі шектеулі.

5-13 балл:

Үміткерде артисттік және аспапты меңгеру қабілеті төмен. Бағдарлама негізінен оқуға қабылдау талаптарына сәйкес келмейді. Музыка тарихы мен орындаушылық өнер бойынша минималды білім мөлшері.

0-4 балл:

Үміткерде артистіктің қарапайым көріністері жоқ,  аспапты меңгеруі төмен деңгейде. Бағдарлама қабылдау талаптарын толығымен қанағаттандырмайды. Музыка және орындаушылық өнер тарихы туралы білімнің болмауы.


ІІ. ЖАЛПЫ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АНЫҚТАЙТЫН ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Екі тапсырмадан тұрады:


     1. Өзіңіздің сүйемелдеуіңізбен ән орындау (аспап өтініш берушінің таңдауы бойынша). Орындалған әннің сипаттамасы (мазмұны, жанры және т.б.)

     2. Мектептегі ән репертуарының парағынан әнді алдын-ала талдау арқылы оқу.


Жалпы музыкалық қабілеттерін анықтайтын ІІ-шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері


35-40 балл:

Дауыс және сүйемелдеу қабілеттерін көрсету, орындаушылық еркіндігін көрсету,  вокалдық интоннацияның тазалығы және нота парағын оқи алу қабілеті.

28-34 балл:

Қандай дауыс дәрежесіне  ие екенін және сүйемелдей алу қабілетін көрсету. Вокалды интоннация тазалығы мен парақтан нотаны оқи алуға қызығушылығын көрсету.

20-27 балл:

Вокалдық көрсеткіштерін және  концертмейстерлік қабілетін көрсету. Вокалдық интоннация тазалығына және парақтан нотаны дұрыс оқуға ұмтылу.

14-19 балл:

Вокалдық көрсеткіштерін және  концертмейстерлік қабілетін көрсету. Вокалдық интоннация тазалығына және парақтан нотаны дұрыс оқуға ұмтылу.

5-13 балл:

Үміткер қарапайым вокалдық көрсеткіштерін және концертмейстерлік қабілетін көрсету керек, вокалдық интоннация тазалығына және парақтан нотаны дұрыс оқуға тырысуы.

0-4 балл:

Ән айту және аспапқа ілесу қабілетін көрсетпеді. Вокалдық интоннация тазалығын естімейді және парақтан нотаны дұрыс оқымайды.