Menu HELPDESK

Нұрғиса Тілендиевтің дүниеден озғанына 20 жыл

Нұрғиса Тілендиевтің дүниеден озғанына 20 жыл Бүгін күйші, композитор, дирижер, КСРО халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің дүниеден озғанына 20 жыл болды. Қазақтың дәстүрлі аспаптық музыкасының жаңаша өңделуіне, заманауи, кәсіби, дәстүрлі композиторлық, дирижерлық мектептердің қалыптасуына, көне музыкалық аспаптардың қайта жаңғыруына орасан зор үлес қосқан тұлғаның қайталанбас шығармашылығы мен жарқын образы тәуелсіз Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып қалды.
Альбомдарға оралу