Menu HELPDESK

«Қазіргі заманғы мәдениет жас ғалымдар көзімен» тақырыбында жоғары оқу орны аралық дөңгелек үстел өтті.

2019 жылдың 19 сәуірінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастамасымен магистранттарға арналған «Қазіргі заманғы мәдениет жас ғалымдар көзімен» тақырыбында жоғары оқу орны аралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық белсенділігін арттыру және оларды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге ынталандыру. Дөңгелек үстелдің жұмысына Құрманғазы атындағы ҚҰК магистранттарымен қатар Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Абай ат. ҚазҰПУ, Абылай хан ат. ҚазХҚжӘТУ, Т.К.Жүргенев ат. ҚазҰӨА магистранттары қатысты. Олар еркін түрде ғылыми-тәжірибелік сипаттағы ақпаратпен алмасты     және біздің қазіргі заманғы мәдениетіміздің маңызды мәселелерін талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар болашақта осындай кездесулер дәстүрге айналады деп үміттенеді.

ииии.jpg

ииииииииииииии.jpg


иии.jpg

Альбомдарға оралу