Menu HELPDESK

«Құддыс қожамияров – уақыт және музыка» виртуалды кітап көрмесі



Құрметті оқырмандар!

 

Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі көрнекті композитор, КСРО және Қазақстан Республикасының халық артисі, профессор Құддыс Қожамиярұлы Қожамияровтың туғанына 105 жыл толуына арналған – «ҚҰДДЫС ҚОЖАМИЯРОВ – УАҚЫТ ЖӘНЕ МУЗЫКА» атты виртуалды кітап көрмесін дайындады.

Кұддыс Қожамияров – Қазақстанның музыкалық мәдениеті саласындағы ең жарқын тұлға. Оның бай шығармашылық мұрасы тұтастай ұйғыр музыкасының, және оның Қазақстандағы дамуының елеулі әрі жарқын бөлігін құрайды. Қ. Қожамияровтың композитор ретіндегі еңбегінің орасан зор болуы – оның кәсіби ұйғыр музыкасының негізін қалап, алғашқы кәсіби ұйғыр композиторы болып қана қоймай, сонымен қатар, өз шығармашылығында ұлттық дәстүр мен заманауилықты органикалық түрде үйлестіре білуінде.

Виртуалды кітап көрмесінде композитордың шығармалары, ғылыми еңбектері (қолжазбалар), халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары ұсынылған.

Кұддыс Қожамияровтың шығармашылығымен танысу үшін ҒАКҚ-нің Электрондық кітапханасына кіріп, «Басты мәзірде» «Виртуалды көрмеге» кіріңіз немесе мына сілтемеге өтіңіз:

http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385



Альбомдарға оралу