Menu HELPDESK

Күләш Байсейітова атындағы Талдықорған музыкалық колледжінде өтетін Консерватория педагогтарының шығармашылық кездесуі

Күләш Байсейітова атындағы
Талдықорған музыкалық колледжінде өтетін
Консерватория педагогтарының шығармашылық кездесуі


27 сәуір күні сағат 11.00-де Күләш Байсейітова атындағы Талдықорған музыкалық колледжінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы педагогтарының шығармашылық кездесуі, концерті және мастер - кластары өтеді.

Несипбаев Әділ (фортепиано)
Нұрғали Гүлнәр (вокал)
Қарсақбаева Әйгерім (қобыз),
Күзеубай Амангелді (халық әні )
Құдайбергенова Салтанат (домбра)
Шубин Игорь (саксофон)
Халилова Қорлан(скрипка)
Жүнісова Ләззат (дирижирлеу)
Кокишева Марлен (музыкатану)

Шеберлік-сыныптар мен концерт «Менің елім» атты әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасының аясында өтеді. «Менің елім» бағдарламасы - бұл «Самұрық-Қазына» АҚ жүзеге асыратын өңірлерді дамыту бағдарламасы. 2017 жылы «Менің елім» бағдарламасы Қазақстанның бес аймағында іске қосылды: Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
2017 жылы осы бағдарлама аясында Қазақстанның бес аймағында 240 мектеп жаңа спорттық жабдықтар алды, 100 түзету мектебі қажетті құрал-жабдықпен жабдықталды, спортқа және балаларға арналған 43 алаң салынды.
Альбомдарға оралу