«Ұлы даланың ұлы күні – НАУРЫЗ» мейрамы салтанатты түрде кеңінен аталып өтті
Кеше 2019 жылдың 17 наурызында Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен «Ұлы даланың ұлы күні – НАУРЫЗ» мейрамы салтанатты түрде кеңінен аталып өтті.
Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық мейрам. А. Мұхамедиұлы бұл мерекені балалардың көз қуанышына айналдырып, оқушылардың үшінші тоқсандық демалысын наурыз мерекесіне үйлестіру, Наурыздың атрибуттық белгісі, эмблемасы һәм символикасын бекіту, осы мейрам аясында тал егу, көрісу, мерекені заманауи ұлттық киімдермен қарсы алу, т.б құндылықтарды дәріптеу керектігін алға тартты.
М. Әуезов театры алаңындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мәдени ошақтардың бірлескен ауқымды шарасы Көрісу дәстүрімен басталып, қазақ өнері саңлақтарының қатысуымен өткен Наурыз тойы қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесіне, ұлттық ойындар мен мерекелік-концерттік бағдарламаға ұласты.