Menu HELPDESK

«Ән қайнары – Кең Жылыой» Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті

Ағымдағы жылы Атырау облысы, Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Ән қайнары – Кең Жылыой» Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Аталмыш байқауда «Халық әні» кафедрасының 4 курс студенті Болатбек Құбашев жүлделі 2 орынды иеленсе, 2 курс студенті Байбақты Ідірбай байқау дипломанты атанды. Жүлдегер студенттеріміздің ұстазы «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы - Қарабалина Эльза Жеңісқызы. Консерватория ұжымы Эльза Жеңісқызын және жеңімпаз студенттерімізді құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.










Альбомдарға оралу