«Өнер» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі өтті
12 желтоқсан 2018
11 желтоқсан күні Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың қатысуымен «Өнер» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі өтті. Шаңырақ иесі Асхат Мақсымұлы ашып берген жиынға ОӘБ-не қатысушы жоғары оқу орындары мен басқа да ұжымдардың өкілдері қатысты.

«Білім беру жүйесінің модернизация жағдайындағы шығармашылық ЖОО» тақырыбында баяндама жасаған консерватория ректоры Арман Әділханұлы былай деп сөз түйіндеді:
Бүгінде біз қазақстандағы білім беру жүйесінде болып жатқан маңызды өзгерістерге куә болып отырмыз. Мемлекеттiк деңгейде жүргiзiлетiн реформалар дайындықтың барлық деңгейлерi мен бағыттарын қамтиды, сондықтан бұл үрдіске шығармашылық бiлiм беру жүйесiнің белсендi түрде қатысуы заңдылық. Өйткені, мұнда ұлттық жоғары оқу орындары ерекше роль атқарады. Олардың жаңғырту үдерістерінің орталығында екендігін атап айту қажет. Себебі, шығармашылық мамандықтар білім беру саласындағы мемлекеттік басымдықтардың негізгі тасымалдаушылары және оның сапасының кепілі болып табылады. Сондықтан барлығымызды шығармашылық білім беру жүйесін жетілдіру бойынша үлкен міндеттер күтіп тұр. Біздің негізгі мақсатымыз – қоғамға қажетті жоғары білікті бітірушілерді тәрбиелеу. Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік мәжілісі аясында жүзеге асырылатын іс-шара аталған мақсаттың жетістікке жетуіне зор үлес қосады деген ойдамыз. Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жетекшілігі мен мүшелеріне еліміздің гүлденуі үшін тиімді және табысты жұмыс тілеймін.»
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025