Menu HELPDESK

«ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихи дамуы мен маңызы» атты семинар

2025 жылғы 4 маусымда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған семинар өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы. Семинарды өткізуге жауапты болған кафедра оқытушылары – Қаниятов Ж.Т. және Әбу Ә.Н.

Семинар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылып, «ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихи дамуы мен маңызы» тақырыбында өтті. Іс-шараға консерваторияның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинар барысында ҚР елтаңбасы, туы және мемлекеттік әнұранының тарихы мен мағынасына арналған мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Баяндамашылар мемлекеттік рәміздердің қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы, отансүйгіштікке тәрбиелеудегі және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызына ерекше тоқталды.

Баяндамалардан кейін семинар интерактивті форматта жалғасты. Оқытушылар топтарға бөлініп, зияткерлік сайысқа қатысты. Сайыс барысында қатысушылар елтаңба, ту және әнұран элементтерін танып, олардың мазмұнын ашуға тырысты. Бұл бөлім қатысушылардың қызығушылығын арттырып, командалық рухты нығайтуға және алынған білімді бекітуге ықпал етті.

Осындай іс-шаралар азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға және мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз Қазақстанды дамытудағы рөлін терең түсінуге жол ашады.

 

 

Альбомдарға оралу