Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 7 жылға аккредиттеуден өтті
19 маусым 2019
2019 жылы 14 маусымда аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (APTA/IAAR) 2018-2019 оқу жылының соңғы отырысын өткізді. Кеңес отырысында халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы комиссияларының жұмыс нәтижелері қаралып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы нәтижелі түрде 7 жылға аккредиттеуден өтті. Барша ұстаздар қауымы мен консерватория ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!
Айта кетейік, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (APTA/IAAR) бұл жоғарғы оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құрылған, заңды тұлға статусы бар, коммерциялық емес ұйым.
ЖОО-ның жұмыс сапасы мен имиджін арттыруға мүмкіндік береді.
Қабылдау 2025