Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Еуропа консерваториялары қауымдастығына қабылданды



2020 жылдың 4-мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Еуропа консерваториялары қауымдастығына мүшелікке қабылданды.

Еуропа консерваториялары қауымдастығы (ЕКҚ) – бұл 1953 жылы құрылған музыка саласындағы оқу орындарының мәдени-білім беру бірлестігі.

ЕКҚ негізгі ұстанымы музыкалық білім беруді жетілдіру, осы бағытта:

- музыкалық білім беру саласындағы халықаралық қатынастарды нығайту;

- жоғары музыкалық оқу орындарының оқу жүйесі мен құзыреттіліктерінің нәтижелерін анықтау және сипаттама беру (Polifonia, Tuning);

- музыка саласына жаңа технологияларды ендіру, музыкалық білім беру мәселелері және басқалар.





Альбомдарға оралу