Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Мәдениеттер диалогы – достық көпірлері» атты халықаралық жобасын іске асыруға белсенді араласуда
30 маусым 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Мәдениеттер диалогы – достық көпірлері» атты халықаралық жобасын іске асыруға белсенді араласуда.
Жоба Президенттік мәдени бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асырылып, бірнеше елдерді, атап айтқанда, Ресейді (Карелия), Беларусьті және Қазақстанды қамтиды. Серіктестер қатарында Петрозаводск, Минск және Алматы қалаларындағы жетекші музыкалық жоғары оқу орындары мен мәдени мекемелер бар.
Жобаның мақсаты — студенттер мен жас музыканттар арасында төзімділік пен өзара құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ ТМД елдері арасындағы көпжақты мәдени байланыстарды нығайту.
Жоба аясында халықаралық мектептер, концерттер, шеберлік сағаттары мен ғылыми-шығармашылық бастамалар ұйымдастырылады. Үстіміздегі жылдың қараша айында Петрозаводск қаласында өтетін Александр Глазуновтың 160 жылдығына орай өтетін Халықаралық музыка мектебі - маңызды оқиғалардың біріне айналмақ. Іс-шара аясында симфониялық және камералық оркестрлердің бірлескен концерттері, кәсіби пікірталастар, үш елдің оқытушылары мен студенттері арасындағы тәжірибе алмасу жоспарланған.
Жобаның іске асырылуын консерваториямыздың жетекші оқытушылары қолдауда: Олар: Бекенова Айжан Слямовна - PhD, Аспаптық орындаушылық факультетінің деканы, Ерманов Жанат Рахметуллинович - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының меңгерушісі.
Жобаға қатысу студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайтады және өзара түсіністік пен диалогты орнатуда музыкалық білім беру маңызды роль атқаратынын көрсетеді.
Жаңалықтардан қалыс қалмаңыздар — алда маңызды оқиғалар мен ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері күтуде!
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025