Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
20 ақпан 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясы жанындағы дәстүрлі мәдениет және өнер ғылыми-зерттеу орталығы арасында
ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова және орталық директоры Роза Аманова қарым-қатынас форматтарын талқылап, дәстүрлі музыкалық мәдениетті зерттеу, сақтау және насихаттау жолындағы перспективалық жұмыс бағыттарын белгіледі.
Меморандум - екі ел арасында ғылыми білімдермен алмасуға, бірлескен зерттеулер және білім беру бастамаларын жүргізуге жол ашатын мәдени байланыстарды нығайтуда маңызды қадам болып табылады. Ынтымақтастық студенттер, оқытушылар және зерттеушілер үшін түркі әлемінде музыкалық ғылымды дамытуға және диалог алаңын қалыптастыруға ықпал ететін жаңа мүмкіндіктер беретіні сөзсіз.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024