Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы студенттері балалар үйі тәрбиеленушілері алдында өнер көрсетті

25 желтоқсанда Алматы қаласындағы № 1 Балалар үйінде Аяз ата, Ақща қар, сайқымазақ Трололо және т.б. ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жаңа жылдық музыкалық қойылым өтті. Қойылым консерваторияның «Арт менеджмент» кафедрасының ІІІ курс студенттерімен дайындалды.

Қайырымдылық шара ұйымдастырушылары: Бас серіктес «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ, «Классика» музыкалық агенттігі.

Балалар үйі тәрбиеленушілерін құттықтауға Пеппи ұзын шұлық өзінің досы сайқымазақ Трололомен бірге келді. Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекеге Мыстан кемпір де келіп кетті. Шараның кульминациясы Аяз ата мен Ақша қардың келуі болды.

Балалар мерекеге ерекше қуанып, әрқайсысы Аяз атаның сақалын тартып, көңіл көтеруге мүмкіндік алды. Дәстүрге айналған көңіл көтерер ойындар, таппақтар мен сыйлықтар да өз орнымен жүріп отырды. Жаңа жылдық қайырымдылық шара ұйымдастырушыларының айтуы бойынша балалар үйі тәрбиеленушілеріне мереке сыйлау кездейсоқ емес, өйткені олар осы мерекені ерекше ықыласпен күтіп отырады.

Консерваторияның Кіші залында Абай атындағы МАОБТ артистері Зарина Алтынбаева, Эмиль Сакавов, сонымен қатар Марина Алтухова, Анна Мельникова, Әсем Қалман, Диана Нұрмаханова, Айдар Құспанов, Нұрлан Сағымбаев, Арман Назаров, ҚР мәдениет қайраткері Елена Шиннің қатысуымен өткен «Балаларға ертегі сыйла» атты қайырымдылық концерттен жиналған қаржыға балаларға сыйлықтар алынды.

   

                                                                            Консерваторияның ақпараттық бөлімі

Альбомдарға оралу