Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті.

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Наурыз мейрамына арналған «Ұлы күн – Наурыз!» атты мерекелік жиын салтанатты түрде кеңінен аталып өтті. Шараға Алматы қаласындағы бірқатар оқу орындары мен мәдени мекемелердің басшылары және өнер қайраткерлері қатысты. Құттықтау сөзді ҚР халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов пен ҚР халық артисі, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев ағаларымыз бастап, ұжым басшысы Арман Жүдебаев келген қонақтарға және мерекеге қатысушы ұзтаздар қауымы мен студенттерге, жиналған көпшілікке өз лебізін білдірді. Мерекелік шараға келген қонақтар ішінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры Асхат Маемиров, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры Нұрғиса Дәуешов, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов, Ж. Елебеков атындағы РЭЦК директоры Мырзахан Қадыров, П.Чайковский атындағы АМК директоры Біржан Хасанғалиев және басқалары да бар. Балалар үйінен шақырылған бірнеше бүлдіршінге қайырымдылық ниетте арнайы сый-сияпаттар жасалды. Қасиетті Қыдыр атаның батасымен басталған концерттік бағдарламада консерватория студенттерінің қатысуымен қазақтың қыз ұзату, беташар, бесікке салу, тұсаукесер сияқты салт-дәстүрлері қойылым түрінде көрсетілді. Ұлттық ойын арқантартыстан кафедрааралық жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға дипломдар табысталды. Қазақтың ұлттық тағамдары қойылған мерекелік дастарханға арнайы дайындалған наурыз көже мен палау да тартылды. Жиналған көпшілік шараны ұйымдастырушыларға ризалық көңілмен алғыстарын жаудырды.

DSC_4641.JPG

DSC_4630.JPG

DSC_4653.JPG

DSC_4657.JPG

DSC_4670.JPG

DSC_4685.JPG

DSC_4649.JPG

DSC_4733.JPG

DSC_4744.JPG



Альбомдарға оралу