Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Рахат-Би Абдысагин қонақта болды

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Рахат-Би Абдысагин қонақта болып, консерватория студенттеріне шеберлік-сыныбын өткізді.

Рахат-Би – ең жас «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін» құрмет белгісінің иегері және «Қазақстанның 100 жаңа есім» Ұлттық жобасының жеңімпазы.

Рахат-Биді «қазақстандық Моцарт» деп атайды. Ол 18 жасында әлемге үздік композитор, пианист ретінде танымал болды. Оның шығармаларын Еуропа, Азия мен Американың симфониялық оркестрлері үлкен сахналарда орындап жүр.

Консерватория ректоры Арман Жүдебаев жас дарын иесіне шығармашылық табыс және алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

DSC_4764.JPG

DSC_4746.JPG

DSC_4754.JPG

Альбомдарға оралу