Menu HELPDESK

Танымал композитор Владимир Тарнопольскиймен кездесу өтеді

Танымал композитор Владимир Тарнопольскиймен кездесу өтеді

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы базасында құрылған «Қазіргі заманғы музыка орталығы» ғылыми-шығармашылық лабораториясы барлық студенттер мен тілек білдірушілерді танымал Ресей композиторы Владимир Тарнопольскиймен шығармашылық кездесуге шақырады. 

2017 жылдың 27 және 28 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында танымал композитор, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясының професссоры, «Жаңа музыка студиясы» ансамблінің көркемдік жетекшісі Владимир Тарнопольскиймен кездесу өтеді.


27 наурыз /16.00

Шығармашылық кездесу

______________________

28 наурыз / 11.00

«Заманауи музыкадағы синтаксис мәселелері» тақырыбында дәріс

_____________________

Шеберлік класы / 14.30

Барлық кездесулер Конференц залда және 013 кабинетте (А оқу корпусы) өтеді.

Барлық кездесулерге кіру тегін.

28 наурыз күні кешке, сағат 18.30-да «Игеру» заманауи музыка ансамблінің концерті өтеді, онда басқа авторлардың шығармаларымен қатар Владимир Тарнопольскийдің кларнет, скрипка, альт, виолончель және фортепианоға арналған "O, PÄRT — OP ART" инсталляция шығармаларын тыңдауға болады.

«Игеру» ансамблінің көркемдік жетекшісі Санжар Бәйтереков.

Өмірбаян

Владимир Григорьевич Тарнопольский – Ресейлік композитор. 1973-1978 жылдар арасында Мәскеу консерваториясында Николай Сидельниковтің композиция класында, аспаптануды Эдисон Денисовтан және теориялық пәндерді Юрия Холоповтан  оқыды.

1980 жылы Тарнопольский аспирантураны бітіреді, сол жылы оның дипломдық Виолончельдік концерті Генадий Рождественскийдің «Кеңес музыкасы тарихынан» деп аталатын концерттер абономенттік циклына бекітіледі. 

Шығармашылығы

1980 жылдардың соңынан бастап Владимир Тарнопольский шығармалары тек Ресейде ғана емес, Еуропа мен АҚШ-тың ірі фестивальдарында да жиі орындала бастады. Оның шығармаларын орындаушылардың арасында Геннадий Рождественский, Мстислав Ростропович, Александр Лазарев, Василий Синайский, Владимир Юровский сияқты дирижерлар, әнші Светлана Савенко, Ensemble Modern, Ensemble InterContemporain, Schoenberg Ensemble, Ensemble Reshershe сияқты ұжымдар, Баварлық радио симфониялық оркестрі, МАБТ ансамблінің солистері бар. Театрлық, ирония, гротескпен пародияға бейімділігімен ерекшеленетін Тарнопольский шығармалары Дмитрий Шостакович (1991) және Пауль Хиндемит (1991) сыйлықтарын иеленді. 

Музыкалық-ұйымдастырушылық қызмет

1989 жылы Тарнопольский заманауи музыканың жаңа Ассоциациясын құрудың бастамашыларының бірі ретінде көрінді.

1993 жылы оның бастамасымен «Жаңа музыка студиясы» орындаушылар ансамблі, сонымен қатар Мәскеу консерваториясының заманауи музыка Орталығы құрылды. 1994 жылы Тарнопольский «Мәскеу Форумы» авангардтық музыкасының Халықаралық фестивалінің жобасын ұсынып және оның жыл сайын өтуін жүзеге асыруда.

Оқытушылық

1992 жылдан бастап Тарнопольский Мәскеу консерваториясында композицияны оқытады. Еуропа және АҚШ-та дәріс, шеберлік кластар өткізеді. Оның оқушыларының арасында халықаралық және бүкілресейлік байқаулардың иегерлері бар.

     Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі 

Альбомдарға оралу