Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығы мен Альфред Шниткенің 90 жылдығына арналған концерт өтті


Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығы мен Альфред Шниткенің 90 жылдығына арналған концерт өтті.

Бағдарламаның кураторы - белгілі музыкант— скрипкашы, альтист, виолист, музыкалық ұйымдастырушы, дирижёр және педагог Назар Кожухарь. Оның жетекшілігімен сахнада ХХ ғасырдың академиялық музыкасын орындаған консерваторияның студенттері мен оқытушылары ерекше бағдарлама ұсынды.

Тыңдармандар Арнольд Шёнберг, Филип Гласс, Джон Кейдж, Пауль Хиндемит және Джон Адамс сынды композиторлардың шығармашылығымен терең танысты. Сонымен қатар, концерт барысында Моцарт, Шуберт, тіпті Леннон мен Маккартнидің шығармалары Лучано Берионың ерекше интерпретациясында орындалды.

Концерт елімізде сирек орындалатын шығармаларды орындап, ХХ ғасыр музыкасын түрлі қырынан танытқан бірегей мәдени кешке айналды.
Концертімізді  тамашалаған тыңдармандарға алғысымыз шексіз!

 

 

 
Альбомдарға оралу