Menu HELPDESK

Қазақ ұлттық консерваториясының Аралас хоры мен Симфониялық оркестрінің Павлодар қаласындағы концерті

 Қазақ ұлттық консерваториясының Аралас хоры мен Симфониялық оркестрінің Павлодар қаласындағы концерті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Аралас хоры мен Симфониялық оркестрінің Павлодар қаласындағы концерті  2016 жылдың 26 қазанында Естай атындағы Мәдениет сарайының сахнасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Аралас хоры мен Симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

Концерттің бірінші бөлімінде Аралас хор (Украина, Италия, Қытай, Австрияда өткен Халықаралық хор ұжымдары конкурстарының алтын медаль иегері) Ян Рудковскийдің жетекшілігімен әртүрлі стильдер мен дәуірлерді қамтыған күрделі әрі жан-жақты бағдарлама ұсынады. Кештің екінші бөлімі тыңдармандарға танымал және әсерлі кино музыкасының әлемін ұсынады. Консерваторияның студенттік симфониялық оркестрінің музыканттары Отандық кинофильмдер мен голливудтық блокбастерлердің саундтректерін орындайды. Флейта, скрипка, виолончель, рояль аспаптарының оркестрдегі жанды дыбыстары симфониялық музыка қабылдауының жаңаша көкжиектерін ашады.

Бағдарламада:

 «Звездные воины», «Гарри Поттер», «Как приручить дракона», «Пираты Карибского моря», «Путь лидера» кинофильмдерінің саундтректері, сондай-ақ батысеуропалық, орыс және қазақ композиторларының шығармалары.

Аралас хордың көркемдік жетекшісі және дирижері Ян Рудковский

Симфониялық оркестрдің дирижері МадиярТойболды

Концерттің басталуы сағат 19.00-де.

Келіңіздер, көріңіздер!

Анықтама:

Құрманғазы атындағы ҚҰК Аралас хоры 1944 жылдың 1 қазанында құрылды. Алғашқы жетекшісі атақты дирижер, ұстаз және қоғам қайраткері Лебедев Б.В. (1910-1976). Ұжымдағы кәсіби дәстүрлердің қалыптасуына КСРО Халық артисі, профессор Анатолий Васильевич Молодов үлкен еңбек сіңірді. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап хорды Ян Станиславович Рудковский басқарады.

Ұжым – С.И. Танеев атындағы Екінші Бүкілодақтық орыс және кеңес хор музыкасы фестивалінің дипломанты (1983 ж.), Республикалық хор фестивалінің лауреаты (1992 ж.), Халықаралық хор фестивалінің лауреаты (2001 ж.), Қрымда өткен VI  халықаралық шығармашыл жастар мен студенттер фестивалінің лауреаты (2008 ж.), Венецияда өткен «Veneziainmusica» халықаралық хор конкурсының екі алтын медаль және «Міндетті шығарманы үздік орындағаны» үшін арнайы жүлде иегері (2009 ж.), Қытайда өткен «WorldChoirGames -2010» Халықаралық конкурсының алтын медаль иегері, Венада өткен Франц Шуберт атындағы Халықаралық хор ұжымдары конкурсының екі алтын диплом иегері (2012 ж.).

Құманғазы атындағы ҚҰК Студенттік симфониялық оркестрі 1947 жылы құрылды. Оркестрдің алғашқы дирижер, әрі көркемдік жетекшісі  – Бабаев Константин. Әр жылдары оркестрге Леонид Шаргородский, Фуат Мансуров, Георгий Гоциридзе, Валерий Руттер, Нұрлан Жарасов, Төлепберген  Әбдрашев жетекшілік етті.

Соңғы жылдары ұжым шетелдік дирижерлармен белсенді түрде жұмыс жүргізді. Атап өтсек: Кристоф Мангу, Николя Крюгер (Франция), Александр Сладковский (Ресей), Бенжамин Юсупов (Израиль), Ян Мориц Онкен (Германия), Давид Герингас (Германия), Анатолий Левин (Ресей).

2008-2013 жылдар аралығында оркестрге Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Қанат Омаров жетекшілік етті. Симфониялық оркестр Германиядағы «YoungEuroClassic», Италиядаға «AcademiaSanFelice» Халықаралық музыкалық фестивальдарының қатысушысы.

2015 жылдан бастап оркестрдің дирижері консерватория студенті Мадияр Тойболды тағайындалды.

Жыл сайын ұжым Қазақстан бойынша гострольдік сапарларға шығып тұрады. 2005 жылдан бастап оның гострольдік жағрафиясы кеңейді. Симфониялық оркестр BarbicanHall, KonzerthauseBerlin, KennedyCenter, CarnegieHall секілді  әлемнің ең атақты сахналарында, сонымен қатар Лос- Анджелес, Сан-Франциско, Бостон, Монтекаттини, Флоренция, Ареццо, Берлин, Франкенберг, Касселяь, Бонн қалаларының ірі концерттік залдарында  өнер көрсетті.

2012 жылы оркестр Мариин театрының және П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының үлкен концерттік залында өнер көрсетуге шақырту алды.

Оркестрдің  табысты концерттері туралы  «Independent», «NewYorkTimes», «InternationalHeraldTribune жазып, кейбіреулерін әйгілі  «DeutscheWelle»  және  «ZDF»  телеканалдарынан көрсетілді.

Анықтама телефоны: 8 (7182) 68 00 71
Альбомдарға оралу