Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дарынды студенттері үшін Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақы ұйымдастырылды
10 қыркүйек 2018
Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақы Ұлттық консерваторияның дарынды студенттері үшін ұйымдастырылды
10 қазан, Алматы, Қазақстан - Болат Өтемұратов Қорының қаржылай қолдауымен Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қор Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үрмелі және соқпалы аспаптарының кафедрасының дарынды студенттеріне арналған атаулы шәкіртақыны ұйымдастыру туралы жариялайды. 2018-2019 оқу жылында 500 000 теңге мөлшерінде 5 шәкіртақы бөлінді.
«Біз үшін үрмелі аспаптарда ойнайтын жас музыканттарды қолдау өте маңызды, өйткені Батыр саксофонда ойнайтын классикалық орындаушы болған еді, біз аспаптардың дәл осы сыныбын көпшілікке таратқымыз келеді. Біз студенттерге қаржылық қолдау көрсетуге, бәлкім, болашақта түрлі конкурстар мен фестивальдарға саяхаттарды қолдау мүмкіндігіне қуаныштымыз. Ең бастысы - ол аспаптардың сирек сыныбы болып табылатындықтан, және олар сахнаға солистер, орындаушылар ретінде сирек шығатындықтан, болашақта Қазақстанның орындаушылық өнеріне әсер ете алатын жаңа дарынды орындаушыларды тапқымыз келеді», - дейді Батырхан Шүкенов атындағы Қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы және атақты әртістің туған бауыры Бауыржан Шүкенов.
Шәкіртақыға аспаптардың келесі сыныптары бойынша Аспаптық орындаушылық факультетінде оқитын консерватория студенттері (бакалаврлар, магистранттар, аспиранттар) қатыса алады:
Ағаш үрмелі музыкалық аспаптар:
• гобой;
• кларнет;
• саксофон;
• фагот;
• флейта.
Жезден жасалған үрмелі музыкалық аспаптар:
• Валторна;
• корнет;
• тромбон;
• керней;
• туба.
Стипендиаттарды іріктеу үш кезеңде жүргізіледі: 1 кезең - өтінімдерді қабылдау (2018 жылдың 23 қыркүйегіне дейін); 2 кезең - өтінімтерді өңдеу (2018 жылдың 28 қыркүйегіне дейін); 3 кезең - нәтижелерді жариялау (2018 жылғы 2 қазан).
Іріктеу критерийлері орындаушылық шеберлік (70 ұпай), әртістілік (15 ұпай) және қатысушылардың уәждемесі (15 ұпай) болып табылады.
«Ұлттық консерваторияның ең қабілетті оқушыларына атаулы шәкіртақыларды тағайындау туралы шешім қабылдай отырып, біздің қор Батырхан Шүкеновтың мәдени мұрасының маңыздылығын атап, музыканттардың үрмелі және соқпалы аспаптар әлеуетін дамытуға деген қызығушылығын арттыруға тырысады. Болашақта осы жігіттердің арасында әлемдік деңгейдегі орындаушылар болады деп үміттенеміз », - дейді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Бұл жоба осы жылдың сәуір айында Болат Өтемұратов Қорының Батырхан Шүкенов атындағы қорына бөлген гранттың бөлігі болып табылады. Оның аясында қазақстандықтарды өте қызықты үш оқиға күтуде: Батырдың өлеңдерінің қазақ тіліндегі нота басылымының тұсаукесері, ағаштан жасалған үрмелі аспаптар бойынша орындаушылар арасындағы Республикалық конкурс және Батырдың барлық соло альбомдарының тартулық CD/DVD-басылымының шығарылымы.
Байланыс үшін:
Елизавета Дёмина, байланыс бойынша менеджері, +7 7757743989, dyomina@utemuratovfund.org
Наргиз Шукенова, Батырхан Шукенов атындағы Қорының директоры, +7 7772329000, 5994895@gmail.com
Батырхан Шүкенов атындағы Қор туралы /http://fund.batyr.live/
«Батырхан Шүкенов атындағы Қор» қоғамдық қоры 2015 жылы құрылды, 2018 жылы музыканттың отбасы қорды басқаруды иеленді. Бауыржан Шүкенов Қорының Қамқоршылар кеңесіне қордың директоры - Наргиз Шукенова басқарады.
Қор мәдениет пен өнер туралы немесе Алматы қаласының зияткерлік ортасын жақсартуға бағытталған жобалардың ұсыныстары үшін ашық. Әншінің мұрагерлерінің өкілі бола отырып, Қор Батырхан Шүкенов туралы ресми ақпараттың жалғыз көзі болып табылады.
Болат Өтемұратов Қоры туралы /www.utemuratovfund.org/
Болат Өтемұратовтың қоры 2014 жылдың басында құрылды. Қордың миссиясы – денсаулықты сақтау, білім беру және мәдениет саласының дамуына жәрдемдесе отырып, Қазақтанның бүгін және болашақта адамдардың өмірі үшін үздік орта болып құрылуына көмектесу. Қорды құру идеясы оның негізін қалаушы Болат Өтемұратовқа тиесілі. Ол «Аутизм. Әлем бәріне бір.» қорының бағдарламасына 12,5 миллион доллар бөлді.
Болат Өтемұратов - дипломат, кәсіпкер, филантроп. Қазақстандық Forbes-тың ең үздік тізіміне енген. «Верный капитал» компаниялар тобының негізгі акционері, Форте және Касса Нова банктеріне ие. Бизнес мүдделері саласы қаржы, телекоммуникация және медиа, қонақ үй бизнесі, жылжымайтын мүлік, табиғи ресурстар, көлік және логистика, құрылыс материалдарды өндіру, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтерді қамтиды. Болат Өтемұратовтың қоғамдық қызметі білім беруді дамытуға, спортты қолдауға, мәдени құндылықтарды насихаттауға және денсаулық сақтауда жәрдемдесуге бағытталған. 2007 жылдан бастап Қазақстан теннис федерациясының президенті болып табылады. Үлкен теннисті белсенді түрде дамытады, еліміздің ұлттық құрамаларын құруға, балалардың теннисін дамытуға және барлық ірі қалаларда теннис инфрақұрылымын салуға өз қаражатынан 65 миллион доллардан астам қаржы бөлді.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025