Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жудебаев "Дәстүрлі музыканың дамуы және оның әлемдік кеңістіктегі интеграциясы" тақырыбында баяндама жасады.

  2019 жылдың 23-сәуірінде Талдықорған қаласында өткен «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениетті ілгерілету» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев "Дәстүрлі музыканың дамуы және оның әлемдік кеңістіктегі интеграциясы" тақырыбында баяндама жасады. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отырған шараға еліміздің мәдениет саласында қызмет етіп жүрген жетекші мамандар мен ғалымдар, бірқатар өнер майталмандары және алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар қатысты.

Арман Әділханұлы өз баяндамасы барысында: «Қазақстан халқының ғасырлар бойы қалыптастырған бірегей тәжірибесі, архаикалық құндылықтары мен ежелгі дәстүрлерін сақтай отырып, сонымен бірге жаһандану және жаһанданудан кейінгі өзгерістерге бейімділігін айқын көрсетті. Бұл Қазақстанның қазіргі заманғы музыкалық мәдениетінің бүгінгі көрінісінде байқалады, ол қазіргі таңда бірнеше тармақтан тұрады және қазақтың дәстүрлі музыкасы, еуропалық бағыттағы академиялық музыка және жалпы музыка сияқты негізгі үш бағытты қамтиды. Бұл бағыттардың әрқайсысында үлкен көркемдік тәжірибе жинақталды, өз аудиториясы, өздерінің әсер ету құралдары мен жанрлары және стильдері қалыптасты.» - деген ой тұжырымдарымен бөлісті.

11.jpg

22.jpg

Альбомдарға оралу