Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман және ректор кеңесшісі Скаков Ермек Краковтағы Музыка Академиясында іссапарда болып қайтты.

2019 ж. 11-16 наурыз аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жудебаев А. А. және ректор кеңесшісі Скаков Е.Ж. Краковтағы Музыка Академиясында (Краков қ., Польша) іссапарда болып қайтты.

      Аталмыш іссапар "Эразмус +" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Іссапар барысында ректор Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы тарихы туралы таныстырылым жасап, Қазақстан композиторларының академиялық музыкасындағы халық музыкалық шығармашылығының ықпалы тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, дирижерлеу мастер-класстары мен Академия студенттерінің дәрістеріне қатысты.

      Краков қаласындағы іссапар барысында ректор және ректор кеңесшісі академия басшылығымен кездесіп, Консерваторияның студенттері мен оқытушыларының академиялық оралымдылық бойынша түрлі бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ екі жоғары оқу орындарының арасындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.









Альбомдарға оралу