Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері пауэрлифтингтен Азияның Ашық чемпионаты мен IBSA көру қабілеті шектеулі спортышлар арасындағы Әлем кубогына қатысты
27 мамыр 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері пауэрлифтингтен Азияның Ашық чемпионаты мен IBSA көру қабілеті шектеулі спортшылар арасындағы Әлем кубогында еріктілер ретінде қатысып, азаматтық белсенді ұстанымдарын көрсетті.
Іс- шара бірнеше елдердің спортшыларының басын қосып, инклюзия мен теңдік идеяларын ілгерілетуде маңызды қадамға айналды. Консерватория студенттері ұйымдастыру жұмыстарына белсенді араласты. Инклюзивті әрі жайлы кеңістікті қалыптастыруға үлес қоса отырып, Әлем кубогының салтанатты ашылу рәсімінің бір бөлшегі бола алды.
Мұндай іс-шараларға студенттердің қатысуы жастардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырып, әр адам өзінің физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан өзін қоғамның толыққанды және құнды мүшесі ретінде сезінетін инклюзивті қоғамды дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Консерватория өз студенттерін мақтан тұтады және волонтерлік қызметті және әлеуметтік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025