Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері жаңа оқулықтар бойынша оқиды
11 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ректор Жания Аубакирова, ұлттық бюро кеңесшісі Кенжехан Матыжанов, әкімшілік және профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Жиын өтуіне себеп -оқу орнының кітапхана қорының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасындағы кітаптармен толығуы, оқулықтардың мазмұны мен маңыздылығы талқыланды; студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жаңа жобалар мен пікірлер ұсынылды, студенттерді өнер туралы қазақ тіліндегі кітаптармен қамтамасыз ету жағы да қозғалды.
«Біздің бүгін көріп отырғанымыз, бір жылдың ішінде атқарылған жұмыс. Алайда осының өзі көз қуантарлықтай нәтиже. Аударылған, басылып сосын Консерваторияға ұсынылған кітаптардың сапасы мінсіз. Безендірілуі де, тақырыптары да жақсы. Менің ойымша, біздің студенттердің жолы болды. Ендігі олар отандық ғалымдарымыздың жазған еңбектерін оқып қана қоймайды. Бұл оқулықтар басылымнан басылымға жетіліп, фактілермен, әдістермен толықтырылған жұмыстар. Жобаға қазақ тілді оқулықтар да қосылады деп сенеміз» - деді Құрманғазы атындағы Қазақ консерватория басшысы, ҚР Халық әртісі Жания Аубакирова.
Өз кезегінде, Кенжехан Матыжанов аудармалар бюросы ұсыныстарға дайын екенін және жобаға музыкалық әдебиетіт қуана қосатынын жеткізді. Кенжехан мырза: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасының шеңберінде шығарылған кітаптар барлық талаптарға сай болуы, кемінде 3 не 5 рет басылып шығуы және әлемдік университеттердің сұранысында болуы керектігін айтты. Егер жоғарыда айтылған талаптар орындалса, онда қазақ тілінде оқулықтар міндетті түрде шығарамыз» - деді ол.
Консерватория профессорлары мен ұстаздары психология, философия, экономика, дінтану мамандықтарының жаңа пособияларымен танысуды бастап кетті. Олар берілген жаңа материалдар студенттердің қызығушылығын оятатынына сенімді. «Мен орта ғасыр философиясы оқулығын қарап шығып, қазақ тілінде оқитын студенттерге қызықтым. Кітаптың тілі ауыр. Алайда біздің студенттердің арасында ғылыми жұмыстар жазумен, философияны терең зерттеумен айналысып жүргендер көп. Энтони Кэннидің кітабы оларға таптырмас көмекші болатынына сенімдімін. Және байқағаным бұл еңбекте араб-мұсылман философиясы кеңінен сипатталған. Орыс тіліндегі философия тарихы кітаптарында бұл тақырып бір-екі абзацпен шектелгенін ескерсек, бұл оқулық тамаша көмекші құрал. Әсіресе, шығыс перипатетизмі жақсы баяндалады» - деген пікірмен философия ғылымдарының кандидаты, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры Тамара Сатыбалдина бөлісті.
Мемлекеттік тілдегі 17 жаңа оқулық оқу үрдісіне қыркүйек айынан бастап енгізілмек.
Фото мына жерден қараңыз
Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның баспасөз қызметі