Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы бүгін 2018 жылдың 5-қазанында Елбасының Қазақстан халқына жолдауын тыңдады
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы, еліміздің дамуының бағыт-бағдарын нақты тапсырмалар арқылы айқындап беріп отыратын, жол көрсетуші құжат болып отыр. Сондықтан да Республикамыздың барлық аймақтарында, әртүрлі сала мамандары осы құжатты асыға күтіп отыратыны белгілі.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы бүгін 2018 жылдың 5-қазанында Елбасының Қазақстан халқына жолдауын тыңдап, жолдаудағы әр салаға қатысты көтерілген мәселелер мен қойылған міндеттердің өзектілігін ұғынып ризашылықпен қабылдады. Ондағы ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыру, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 35% өсіру, ел әлеуетін көтеру, мектепге дейінгі, орта және жоғары білім беру ісін жетілдіру, ұстаздың беделін арттыру, оқытушыларды негізсіз міндеттерден босату, олардың жалақысын көтеру, жалпы ғылым саласына бөлінетін қаражат мөлшерін арттыру сияқты нақты тапсырмалар мемлекет басшысының біздің салаға ерекше көңіл бөлетіндігін аңғартады.
Президенттің келесі жылды "Жастар жылы" деп жариялауы, жоғары оқу орындарын жаңадан бітірген жас мамандардың жалақысы жоғары жұмысқа орналаса алуы, яғни, берілетін білім сапасын көтеру сияқты мәселені қоюы, ел болашағына қатты алаңдаушылықтан туған өзекті қадам деп есептейміз.
Жаңа жолдау бойынша ұжым алдына қойылған міндеттерді нақтылап, әрі қарай да нәтижелі жұмыстар атқаруға консерватория қызметкерлері барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аянбай еңбек ете бермек.