Құрманғазы атындағы ҚҰК-да студенттер арасында музыкалық байқау басталды
2017 жылғы 16 наурыздан бастап 21 сәуірге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚР жоғары оқу орындарының арасында IX республикалық пәндік олимпиада өткізеді. Олимпиада еліміздің мәдениет қайраткерлеріне арналған.
Олимпиада болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға, оқу-танымдық қызметті ынталандыруға, сондай-ақ талантты және дарынды жастарды анықтауға арналған.
IX республикалық пәндік олимпиадаға Қазақстан Республикасы шығармашылық жоғары оқу орындарының және университеттердің музыка факультететтерінің студенттері шақырылады.
2017 жылғы 16 наурызда сағат 10:00-де Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен залында олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. Ашу рәсімі кезінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сергей Тохтаров сөз сөйледі.
«Осы жылғы олимпиадаға 13 номинация қатысқалы отыр, 180 ге тарта жас таланттың тұсауы кесіледі. Таланттар тек орындаушылылық бағытта ғана емес, теориялық жағынан да білімдері сарапқа түседі. Республикалық олимпиада көптеген өнерлі жастардың биікке көтеріуіне құлшыныс туғызды, қолдау тапты.
Біздің басты қолдаушымыз, демеушіміз бұл Қазақстан республикасының ұлт көшбасшысы алғашқы президенті қоры. Талантты жастарды, жас ғалымдарды қолдауда қордың атқарып келе жатқан саясатына бас иеміз. Консерватория озат студенттері олимпиада ғана емес, қордың арнайы стипендия жүлдегерлері және түлектеріміз бірнеше концерт, альбом т.б. жобаларына қолдау тапты.
Қазақстан республикасы алғашқы президенті қорына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Олимпиаданың барша қатысушылары мен бүгін бастайтын Халық музыка факультетінің домбыра, үш ішекті және фольклорлық аспаптар номинацияларына сәттілік тілейміз», деп атап өтті Жәния Әубәкірова.
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен 9-шы рет ұйымдастырылған Олимпиадаға қатысу – біз үшін тек абырой ғана емес, сондай-ақ музыка және өнер жолын таңдағандар үшін үлкен жауапкершілік. Бұл ұмытылымас тарих және керемет болашаққа жол ашатын маңызды және кәсіби сынақ.
Құрманғазы атындағы Консерватория – еліміздің жетекші музыкалық жоғары оқу орны. Мұнда өнер және мәдениет саласындағы кәсіби мамандарды дайындауға барлық жағдай жасалған.Консерватория түлектері шетелдерде кәсіби концерттер ұйымдастырып келеді.
Жеке өзімнің атынан және өнер жастарына қолдау көрсетуде танымал, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының басышылығы атынан осы музыкалық бастамның ұйымдастырушыларына, олардың жаңа таланттарды табуда ат салысыуына және еңбегіне алғыс білдіремін», деп атап өтті Сергей Тохтаров.
Олимпиаданың ашылу салтанатына «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі; «Хассақ» этно-фольклорлық ансамблі; Виолончелистер дуэті: Эльдар Айтбеков және Мақсат Нұрланов, концертмейстер Қайсар Архаров; Консерваторияның аралас хоры, дирижері Ян Рудковский; бұрынғы республикалық олимпиадалардың лауреаттары, Абылай Тілепбергенов (домбра), Танат Саденов (домбра), Кеменгер Кадырбеков (дирижер), Айбек Қанатбек (вокалист), Ербол Кожагул (фортепиано) қатысты.
Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі