Құрманғазы атындағы ҚҰК - ең үздік музыкалық ЖОО
17 мамыр 2018

Консерватория үшінші жыл қатарынан еліміздегі ең үздік музыкалық ЖОО- болып танылып отыр!
Бұл күні кеше ғана 2018 жылға арналған НААР агенттігінің рейтингі жарияланған соң белгілі болды.
Еліміздің музыкалық жоғары оқу орындарының рейтингісінде алған бірінші орыннан басқа, Консерватория еліміздің ең үздік 20- ЖОО қатарына кірді, сондай-ақ «Музыкатану », «Дәстүрлі музыкалық өнер» , «Вокалдық өнер», «Дирижирлеу», «Композиция», «Музыкалық білім» мамандықтарымен бакалавриат, магистратура және докторантурадан білім беру бағдарламалары бойынша максималды балл жинады.
ҚР-2018 жалпы рейтингіне 58 ЖОО кіреді, оның ішінде 6-ы ұлттық, 21-і мемлекеттік, 7-і акционерлік және 24 жеке білім беру ұйымдары.
Құттықтаймыз!
Қабылдау 2025