Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыка сапасын жетілдіру» Musique эксперттік сарапшылар тобының қатысуымен халықаралық аккредитациядан өтті

Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыка сапасын жетілдіру» Musique эксперттік сарапшылар тобының қатысуымен халықаралық аккредитациядан өтті

Әлемнің қарқынды даму кезеңінде халықаралық білім беру кеңістігіндегі еліміздің жоғары білім беру жүйесінің серпінді өзгеруі бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Аккредитация білім беру қызметінің сапасына жауап беруді талап ететін  жоғары білім беру сапалығын қамтамасыз ететін ең көп таралған үлгісі болып табылады.  

Аккредитация – аккредиттеу органы жалпы университеттің қызметін немесе ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының сапасын белгілі стандарттар мен критерийлерге сәйкестігін анықтау мақсатында бағалайтын процесс. Аккредитация ұлттық және халықаралық болып келеді. Халықаралық аккредитация шетелдік аккредитациялық агенттік арқылы іске асырылады.
 Халықаралық аккредитацияның маңыздылығы мен өзектілігі білім беру бағдарламалары мен дипломдардың басқа елдерде заңды түрде қабылдануы туралы сертификаттың берілуінде. Бұл процесс жүйенің әрдайым жетілдірілуіне әкеледі. ЖОО-ның рейтингі де маңызды фактор болып табылады, өйткені әлемдік рейтингтің жоғарғы позициясында орналасу университет беделіне әсерін тигізеді.
 
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы халықаралық аккредитациядан тоғыз білім беру бағдарламасын өткізуді өз жауапкершілігіне алды: «Аспаптық орындаушылық», «Вокалдық өнер», «Дирижерлау», «Дәстүрлі музыка өнері», «Музыкатану», «Композиция», «Педагогика және психология», «Арт менеджмент» және «Музыкалық білім беру». Осы орайда аккедитация процессі білім берудің үш деңгейін қамтыды: бакалавриат, магистратура, докторантура.

2016 жылдың 21-24 қараша аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыка сапасын жетілдіру» MusiQuE эксперттік сарапшылар тобының қатысуымен халықаралық аккредитациядан өтті.

MusiQuE («Музыка сапасын жетілдіру») – музыкалық білім беру саласындағы аккредитациялау және сыртқы баға беру жөніндегі тәуелсіз еуропалық ұйым. Ұйым еуропалық консерватория қауымдастығына (АЕС), музыкалық академиялар мен мектептерге толығымен тәуелсіз мекеме ретінде құрылып,  жоғары музыкалық білім беру саласындағы Еуропалық қауымдастықтардың ірі өкілі болып табылады.
MusiQuE тәуелсіз сарапшылардың ұстанымы осы саладағы сапаның жақсаруы  ынтымақтастық жолымен  қол жеткізіледі деген нанымға негізделген. Сондай-ақ,  музыкалық мамандықтардың халықаралық  сипатын  қолдап және нығайтуға бағытталған объективті деңгейде өткізілетін барлық рәсімдер шын мәнінде халықаралық және еуропалық көзқараспен іске асырылатын МusiQuE қызметіне құндылық береді. Өйткені музыка сапасына қатысты қабылданған әмбебап анықтамалар жоқ, музыка сапасының стандарты музыкалық дәстүрлердің ішінде дамиды. Сондықтан да, музыкалық дәстүрлермен біте қайнасқан көркемдік тәжірибе мен қортындылар музыка сапасын бағалайтын негізді құрайды.

Қорыта келгенде, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үш деңгейлі (бакалавриат, магистратура, докторантура) тоғыз білім беру бағдарламасының халықаралық аккредитациядан өту қорытындысы 2017 жылы белгілі болады.


Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі




Альбомдарға оралу