Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы ҚҰК проректоры «Эразмус +» бағдарламасы бойынша Испанияның Виго қаласындағы консерваторияда болып қайтты.

2019 жылдың 4-10 ақпан аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, өнертану кандидаты, музыкатану және композиция кафедрасының доценті Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы «Эразмус +» бағдарламасы бойынша Испанияның Виго қаласы консерваториясында болып қайтты.
Іссапар барысында Ғалия Зайнақұлқызы Қазақ ұлттық консерваториясының тарихы жөнінде, қазақ опера өнерінің қалыптасуы және дамуы туралы лекциялар оқып, шеберлік-сыныптарына қатысты.
Сондай-ақ Виго консерваториясы басшылығымен және «Эразмус+» жобасының кураторымен біздің студенттер мен оқытушылардың әртүрлі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуы және оқу орындары арасындағы өзара алмасу жұмыстары жайында келіссөздер жүргізді.









Альбомдарға оралу