Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Казақ ұлттық консерваториясындағы Камералық музыка кеші

2017 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан-франциялық дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерттік залында Жәния Әубәкірова мен «Volta» француздық ішекті аспаптар квартетінің қатысуымен камералық музыка кеші өткізіледі.

«Volta» квартеті туралы:

Юг БОРСАРЕЛЛО, скрипка

Лоран МАНО-ПАЛЛАС, скрипка

Арно ТОРЕТТ, альт

Готье ЭРРМАНН, виолончель

Volta» ішекті аспаптар квартеті репертуарының негізін классикалық, сондай-ақ романтизм кезеңінің композиторлары Гайдн, Моцарт, Бетховен, Шуберт шығармалары құрайды. Ұжым құрамындағы музыканттар көпжылдық тәжірибелері бар орындаушылар, ал мықты музыкалық достық 2014 жылы «Volta» ішекті аспаптар квартеті аясында шығармашылықты бірлесе жалғастыруға мүмкіндік берді. Квартет қатысушылар көптеген белді халықаралық конкурстардың лауреаттары (Париж, Бордо, Генуя, Лондон, Сиенна, Флоренция, Илльзах, Хеерлен және т.б.) және де әлемнің атақты сахналарында өнер көрсетуде. 2014-2015 жылғы маусым Шуберттің соңғы квартеттеріне арналса, 2016 жылы ұжым Моцарттың ішекті аспаптар квартеттерінен құралған өздерінің тұңғыш альбомдарын жазды.

Төрт орындаушының барлығы камералық музыкаға деген ортақ сүйіспеншілік негізінде Готье Эрраманның бастамасымен құрылған Artie’s шығармашылық қауымдастығының мүшелері (http://www.arties-group.com) болып табылады. Жоба Франция мен шет елдерде камералық музыка таралым жүйесін қайта жаңғыртуға бағытталған. Сонымен қатар, әлеуметтік сана мен өнер қайраткерлерінің жауапкершілігін дамытуға бағытталған.

Бағдарламада:

В.А. Моцарт – Ішекті квартет соль мажор, «Миландық» №3 К.156

К. Дебюсси – Ішекті квартет соль минор, ор.10

С. Франк – Фортепианолық квинтет

Жәния Әубәкірова – Қазақстан өнері мен мәдениетін әлемдік аренаға паш еткен атақты қазақ пианисті, ҚР халық артисі, профессор.

Франциядағы Маргерет Лонг пен Жак Тибоның халықаралық конкурсы (Бас жүлде, 1983 ж.) мен Халықаралық камералық ансамбльдер конкурсындағы (Бас жүлде, 1985 ж.) жеңістерінен кейін, ол белсенді түрде концерттік жұмысын бастап кетті. Ж.Әубәкірованың әлемдік музыкалық классика мен Қазақстан композиторларының шығармаларын насихаттайтын атақты оркестрлермен бірігіп берген жеке концерттері Қазақстан, сондай-ақ Франция, Англия, Германия, Япония, Россия, Польша, Италия, АҚШ, Израиль, Греция, Венгрияның ірі концерттік залдарында тұрақты түрде өткізіледі. Ол  Salle Pleyel, Salle Gaveau, Barbican Hall, Wigmore Hall, Vigoda Hall, Seoul's Arts Center, Keimyung Art Center, Berlin Philarmoniker, Konzerhause, Kennedy Centre, Carnegie Hall, П.Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясының, Санкт-Петербург филармониясының, Мәскеу музыка үйінің концерттік залдарында өнер көрсетті.

Жәния Әубәкірова Марта Аргерих, Валерий Гергиев, Михаил Плетнев, Александр Сладковский, Александр Ведерников, Денис Шаповалов, Марат Бисенғалиев, Александр Тростянский, Кристоф Мангу, Жан-Гийен Кейрас, «Danel» квартеті, Рессей ұлттық оркестрі, Француз радиосының симфониялық оркестрі, Стамбул филармониялық оркестрі, Англияның камералық оркестрімен және т.б. атақты музыканттар мен ұжымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Жыл сайын Оңтүстік Корея, Германия, Франция, Ресейде шеберлік кластар өткізіп тұрады.

1998 жылдан Ж.Әубәкірованың бастамасымен «Классика» музыкалық агенттігі құрылды. Агенттік үлкен жетістікпен концерттер ұйымдастырып, 30-дас аса компакт диск, 20-дан астам қазақстандық орындаушылар туралы музыкалық фильдер жазды.

Жәния Әубәкірова Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы ең үздік маман әрі ұйымдастырушы.  1997 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры. Оның жетекшілігімен консерватория еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО, әрі республиканың мәдени-ағартушылық орталығына айналды. 2001 жылдан ЖОО-на Ұлттық дәрежесі тағайындалды.

Жәния Әубәкірова ағартушылық және білім беру бастамаларының қатарына 1994  жылы құрылған қазіргі заман білім беру әдістері мен технологиялармен жұмыс істейтін «Жәния Әубәкірованың авторлық мектебін» жатқызуға болады. Ж.Әубәкірова мәдениет және білім білім беру саласында атқарған белсенді қызметі үшін көптеген марапаттарға ие болды: ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің кавалері, Францияның өнер және әдебиет орденінің кавалері, «Платиналық Тарлан» Тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты күшейту» ІІ дәрежделі Ұлы Екатерина орденінің кавалері, Польша Республикасы мәдениетіне еңбек сіңіргені үшін орденінің иегері,  Польша Республикасы Президентінің «Золотой крест Заслуги» орденінің иегері.

Жәния Әубәкірова «Steinway & Sons» фирмасының ресми артисі болып табылады.

 

Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі

Альбомдарға оралу