Menu HELPDESK

«Құрманғазы мұрасы және оның Қазақстанның заманауи мәдениетіне әсері» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

2018 жылдың 11 қазанында қазақтың аса көрнекті күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының камералық залында «Құрманғазы мұрасы және оның Қазақстанның заманауи мәдениетіне әсері» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен бірқатар БАҚ-ның өкілдері, белгілі ғалымдар, Астана, Атырау және Орал қалаларынан келген арнайы қонақтар қатысты.

IMG_6878.JPG

IMG_6877.JPG

IMG_6911.JPG

IMG_9454.JPG

Баяндама жасаған қонақтар тізімі:
1. Күзембай Сара Әділгерейқызы – музыкатанушы, өнертану ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор;
2. Жұбанова Ажар Ахметқызы – Қазақ ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, биология ғылымдарының докторы, профессор;
3. Нұрғали Нүсіпжан - Қазақстанның Халық артисі, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры;
4. Айтжан Тоқтаған – күйші, ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор;
5. Жаңғали Жүзбай – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі, профессор;
6. Саламат Сабыр – Атырау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы;
7. Қыдырболат Мұсағалиев - Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы.
8. Асқар Кенжеғалиев – Домбырашы, сазгер, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі;
9. Нұрғиса Дәуешев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры;
10. Базархан Қосбасаров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Қобыз және баян» кафедрасының меңгерушісі, профессор.
Альбомдарға оралу