Menu HELPDESK

ҚҰРМЕТТІ "ДИРИЖЕРЛЕУ" МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ!

logo.png

Эразмус+ халықаралық бағдарламасы мен Краковтағы музыка академиясының (Польша, Краков қ.) келісімі аясында "Дирижерлеу" мамандығы бойынша 2021-2022 оқу жылына бір семестр мерзімінде студенттерді қабылдау жарияланады.

Гранттар саны – 1, өтінімдер саны шектелмеген.

Байқауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындармен қатар ақылы негізде оқитын студенттер де қатыса алады.

Іріктеуге қатысу үшін үміткер мынадай критерийлер мен талаптарға сәйкес болуы тиіс:

•    ҚР азаматы;

•    Алдыңғы оқу кезеңіндегі жоғары академиялық үлгерім;

•    Жауапкершілік, коммуникабельділік және парасаттылық.

Іріктеуді жіберуші және қабылдаушы тараптың оқытушылар құрамы мен үйлестірушілері жүргізеді.

Сонымен қатар үміткерлер Халықаралық бөлімнің электронды поштасынаinternationaldep.knc@mail.ru  төмендегі құжаттарды жіберуі керек:

1. Ағылшын тіліндегі СV түйіндемесі (Europass format, интернетте еркін қол жетімді), аудио/видео сілтемелері бар болса түйіндемеге тіркеу.

2. Өтінім Student Application.

3. Кафедра меңгерушісі мен тиісті факультет декандарынан қазақ тілінде немесе орыс тілінде екі ұсыныс хат.

Ұсынылған деректер негізінде байқау іріктеуінен сәтті өткен жағдайда, қолданыстағы сертификаттардың бірін ұсыну қажет: IELTS (5,5-тен кем емес), TOEFL (56), Duolingo (80-90).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Барлық үміткерлер ағылшын тілін кем дегенде B2 (Upper-intermediate) деңгейінде меңгеруі тиіс. Қолданыстағы сертификаттың болуы грант алуға кепілдік бермейді.

Іріктеуден сәтті өткен студенттер Краков қаласында 1 семестр (4 ай) мерзімінде барлық шығындарды (тұру, тәуліктік, көлік) өтейтін ай сайынғы шәкіртақымен оқитын болады.

Онлайн өтінім берудің соңғы мерзімі: 15 сәуір 2021 ж. Тіл білетіні туралы сертификатты кейінірек беруге болады (соңғы мерзімі: 20 мамыр 2021 ж.).

МАҢЫЗДЫ!!! Өтініш берер алдында үміткерлер Краковтағы музыка академиясының пәндерін өз бетінше таңдауы немесе Краковтағы музыка академиясының пәндеріне сәйкестікті/таңдауды алдын-ала талдау үшін кафедра меңгерушісі/факультет деканының көмегіне жүгінулері керек. Бұл – міндетті рәсім, өйткені таңдалған пәндерді үміткерлер онлайн-тіркеу кезінде көрсетеді.

Консультацияны Халықаралық бөлімнің телефон нөмірі бойынша алуға болады:

Халықаралық байланыстар бойынша аға-менеджер - Ақжан Ерікқызы, +77783120915














Альбомдарға оралу