Menu HELPDESK

«Тәңіршілдік» монографиясының авторымен кездесу өтті



2024 жылдың 22 сәуірінде Консерваторияның оқу залында өткен Лена Федоровамен (Саха Республикасы, Якутия) шығармашылық кездесу барлық қатысушылар үшін маңызды оқиға болды..

Педагогика ғылымдарының кандидаты, арт-менеджмент кафедрасының профессоры Евфрат Мамбеков модератор болған кездесу барысында Лена Фёдорова өзінің «Тәңіршілдік» атты жаңа монографиясы туралы айтып, тәңіршілдікпен байланысты мәдени тәжірибе мәселелерін қозғады. Монографияда қазіргі заманның өзекті тақырыптарының бірі – ежелгі түркі дәстүрлері, мәдени айырмашылықтар, Тәңірге деген сенімге негізделген әлемдік тәртіп зерттеледі.

Іс-шара соңында қолтаңба-сессия өтті, онда қонақтар Лена Фёдоровамен жеке сөйлесуге және оның қолтаңбаларын алуға мүмкіндік алды. Іс-шараны халықаралық бөлім, арт-менеджмент кафедрасы және ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі ұйымдастырды.






Альбомдарға оралу