Menu HELPDESK

Жәнібек Кәрменұлының 70 жылдығына арналған «ӘНІҢНІҢ БАҒА ЖЕТПЕС БҰРМАСЫНА» атты еске алу кеші өтті

56  

 2019 жылдың 25 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында әнші, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Жәнібек Кәрменұлының 70 жылдығына арналған «ӘНІҢНІҢ БАҒА ЖЕТПЕС БҰРМАСЫНА» атты еске алу кеші өтті.

 

Кеш барысында сахна төріне Біләл Ысқақов, Базархан Қосбасаров, Рамазан Стамғазиев, Әділет Мұса, Бауыржан Құмарбеков, Кенжебай Шал, Мұрат Әбуғазы, Қайрат Қабышев, Нұржан Жанпейісов, Еркін Шүкіман, Ардақ Исатаева, Болат Күлдірбаев, Шолпан Дәржанова, Амангелді Күзеубай, Абай Қойшыбаев, Күнқожа Қайрулла және т.б. дарынды өнерпаздар шықты.

 

Еске алу кешінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев лебіз білдіріп, дарынды әнші, белгілі қаламгер Жәнібек Кәрменовтің адал жарына сый-сияпат жасады.

 

  Жәнібек Кәрменов көптеген халық композиторларының шығармашылық өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты. Кезінде Қазақ радиосы мен теледидары арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр туралы хабарлар жүргізді. Оның өнер тақырыбына арналған кітаптары да («Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні», т.б.) жарық көрді. 

 12

16

13


18

99


Альбомдарға оралу