10 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова және Құдыс Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры Ділмұрат Бахаров ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойд
10 маусым 2025
10 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова және Құдыс Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры Ділмұрат Бахаров ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар жасасқан меморандум екі институция арасындағы шығармашылық және білім беру салаларында өзара қарым-қатынас жасауда жаңа мүмкіндіктер ашады. Кездесу барысында бірлескен жобалар, студенттерге арналған тәжірибелер, мәдени бастамаларға қатысу мәселелері, сондай-ақ ұлттық өнер арқылы өзара байланыстарды нығайту жөніндегі жоспарлар талқыланды.
Серіктестік аясында оқу орнымызда музыкалық дәстүрді сақтап, дамытуға бағытталған «Ұйғыр халық аспаптары» мамандығы ашылатын болды.
Консерватория және Ұйғыр театры ұлттық мәдениетті дамыту және жас дарындарды қолдау бағытында бірігіп жұмыс атқаруға дайын!
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025