Menu HELPDESK

16 маусым күні Е. Рахмадиев атындағы үлкен залда «Балалар және шеберлер» концерті өтті

16 маусым күні Е. Рахмадиев атындағы үлкен залда «Балалар және шеберлер» концерті өтті.

Музыкалық кеш бір сахнада жас орындаушылар мен тәжірибелі музыканттардың басын қосты. Жанды дауыспен орындалған әндер көрермендерге керемет әсер сыйлады. Бағдарламада джаз стандарттары, қазақтың халық әндері, авторлық композициялар және әлемдік хиттер жаңа аранжировкаларда ұсынылды.

Сахнада ұрпақтан ұрпаққа жетіп, жалғаса беретін шабыт орын алып, өнерсүйер қауым әрбір орындауды ыстық ықыласпен, ерекше қошеметпен қабылдады.

Ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және тыңдармандарға әсерлі концерт үшін алғысымыз шексіз!

 
 
Альбомдарға оралу