Menu HELPDESK

19 ақпан күні А. Жұбанов атындағы кіші залда өткен маэстро Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған «Романстар және әндер» концерті өтті

2025 жыл маңызды мерейтойларға толы жыл болды. Осыған орай Қазақ ұлттық консерваториясы Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына үлес қосқан танымал тұлғаларға құрмет көрсетуге әрқашан дайын.

Осындай маңызды оқиғалардың бірі – 19 ақпан күні А. Жұбанов атындағы кіші залда өткен маэстро Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған «Романстар және әндер» концерті.

Ескендір Хасанғалиев – туындылары қазақ музыкасының алтын қорына мәңгіге енген композитор. Оның әндері халық арасында кең таралып, тыңдармандардың жүрегін сезім тереңдігімен және әуендік сұлулығымен баурап алған. Маэстронның мерейтойына арналған концертті тамашалуға композитордың мұрасын құрметтеп, шығармашылығын сүйіп тыңдайтын жандар жиналды.

Сахнада «Вокалдық өнер» кафедрасының студенттері мен магистранттары композитордың ең танымал туындыларын орындады. Консерватория Казақстанның ұлы авторларының мұрасын болашақ музыканттарға жеткізу арқылы көзінің қарашығындай сақтап, әлемге танытуға қосқан үлесімен мақтана алады.

   
Альбомдарға оралу