Menu HELPDESK

2025 жылғы 3 маусымда Е. Рахмадиев атындағы Үлкен залда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Аралас хорының емтихан-концерті өтті

2025 жылғы 3 маусымда Е. Рахмадиев атындағы Үлкен залда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Аралас хорының емтихан-концерті өтті.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, доцент Ян Рудковскийдің жетекшілігімен өткен концертте классикалық шығармалардан бастап, заманауи авторлардың туындылары орындалып, көрермендер тарапынан ерекше ықыласқа ие болды.

Дирижерлік факультетінің студенттері хор құрамындағы әнші ретінде ғана емес, кәсіби шеберлігімен дараланған дирижер ретінде де өз өнерлерін көрсете білді. Концерт барысында жас таланттардың концертмейстер сүйемелдеуімен жеке орындаған шығармалары кештің көркін аша түсті.

Кештің ерекше сәттерінің бірі ретінде «Алаkoz» камералық хорының сахнаға шығып, тыңдарманға ерекше әсер сыйлағанын атап өткен жөн.

Емтихан өнер мерекесіне ұласып, көрермендерге рухани ләззат сыйлады. Шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық өнерпаздарға, ұстаздарға және тыңдармандарға шексіз алғысымды білдіремін!

  

 
Альбомдарға оралу