Menu HELPDESK

5 маусым күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Орган музыкасының кеші өтті

5 маусым күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Орган музыкасының кеші өтті.

Кеш барысында рух пен ішкі сезімдерді оятатын мәңгілік музыка - Г. Бём, И. С. Бах, Ф. Лист, С. Франк және Ш. Видордың туындылары орындалды.

Сахнада консерватория студенттері Дарина Хамзина, Светлана Бессуднова, Азиза Жұмажанова, Тамила Омарова, Аяжан Түйтебаева, сондай-ақ скрипкашы Мирьям Есенбаевалар өнер көрсетті. Әрбір орындау – мөлдір сырға, нәзік сезімге және терең  тарихқа толы болды.

Бұл кеш органның жай ғана аспап емес, руханилықпен  байланысты тұтас ғалам екенін тағы бір дәлелдеді

Барлық орындаушылар мен кафедра оқытушыларына шабыт пен жоғары дайындық үшін алғысымызды білдіреміз. Келесі музыкалық кештерде кездескенше!

Альбомдарға оралу