8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті
7 наурыз 2019
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамына арналған концерт өтті. Мерекелік кешті консерватория ректоры Арман Жүдебаев әйелдер қауымын құттықтау сөзімен бастап, оларға деген ерекше ықыласын білдірді.
Консерваторияның белсенді жастары ұстаздарға, барша нәзік жанды аруларға гүл шоқтарын табыстап, мерекелік шараны одан да әрлендіре түсті.
Концертте студенттік үрмелі аспаптар оркестрі, аралас хор, домбырашылар ансамблі және басқа да ұжымдар өнер көрсетті. Сонымен қатар консерватория профессоры Ерсайын Басықара аналардың құрметіне ән шашу тарту етті.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025