Консерватория жаңалықтары
2022 жылдың 25 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған «Ұстазға арнау» концерті өтті.


2022 жылдың 22 қарашасы күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында консерваторияның бітіруші түлегі, Республикалық конкурстардың лауреаты Ахметова Зеренің «Нәзік гүл» атты шығармашылық кеші өтті. Ұстазы: ҚР Халық артисі, профессор Ғалия Молдакәрімова.
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 2022 жылдың 18-22 қарашасы аралығына жоспарланған V Халықаралық камералық музыка фестивалі өз мәресіне жетті. Аталмыш шараның шымылдығын 18 қарашада консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Аспаптар тілдесуі» атты концерт ашқан болатын.
2022 жылы «21» қараша күні сағат Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «6D040500 – Дирижерлеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ұсынылған Әмзе Мүсілім Балтабайұлының «Қазақстандағы дирижерлік өнер: қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері» тақырыбында диссертация қорғауы өтті. Диссертация Құрманғазы атындағы ҚҰК «Дирижерлеу» кафедрасында орындалған.
2022 жылдың 22 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында V халықаралық камералық музыка фестивалі аясында шетелдік танымал музыканттардың шеберлік сыныптары өтті.

2022 жылдың 9-10 қараша аралығында Ақтау қаласында ІV республикалық «Қайқылардан қалған саз» атты Маңғыстаудың дәстүрлі әндерін орындаушылар байқауы өтті.