Консерватория жаңалықтары
Консерватория ректоры А.Жүдебаев бастаған делегация Ташкенттік әріптестерін мерейтойларымен құттықтап қайтты

2022 жылдың 9-11 маусым күндері аралығында Өзбекстанда Өзбек Мемлекеттік консерваториясының 85 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған ауқымды іс-шаралар өтті.
17 маусым 2022
Консерваторияда «По дороге добра...» атты концерт өтті
10-11 маусым күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор, ҚР Халық артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Базарғали Әжиұлы Жаманбаевқа арналған «По дороге добра...» атты кеш өтті.
12 маусым 2022
Консерваторияға Ш.Қалдаяқов атындағы филармониядан қонақтар келді
Бүгін консерватория ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы Ш.Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясынан келген қонақтарды қабылдады.
8 маусым 2022
Орган музыкасының кеші өтті

1 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында орган музыкасының кеші өтті.
2 маусым 2022
Жетіліктің жүлдесі

Үстіміздегі жылғы мамырдың 17-22-сі күндері аралығында Америкада (АҚШ) халықаралық Accordion Star International 2022 байқауы өткен болатын. Аталған бәсекеге Ғалымжан Нарымбетов бастаған септет Астор Пьяццолла аталымы бойынша 1 орынды жеңіп алды.
1 маусым 2022
Құрманғазы атындағы ҚҰК қызметкерлері Министр марапатына ие болды
31 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР мәдениетін, өнерін, рухани әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен сіңірген зор еңбектері үшін өнер-білім ордасының профессор-оқытушылық құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарын табыс етті.
1 маусым 2022
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ тілін оқыту байқауы өтті

30 мамырда консерваторияда Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Тілдерді оқыту орталықтары мен ЖОО-ғы практикалық қазақ тілі оқытушыларының арасында ересектерге қазақ тілін оқыту аудандық байқауы өтті.
30 мамыр 2022
Консерватория оқытушысы «ТМД-ның үздік жас ғалымы-2022» төсбелгісімен марапатталды

Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Арт-менеджмент» кафедрасының аға-оқытушысы, PhD докторы Айгерім Маратқызы Оспанова ғылым мен білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік жас ғалымы-2022» төсбелгісімен марапатталды.
30 мамыр 2022
Алматыда Қазақстан шығармашылық зиялы қауымының бірінші конгресі өз жұмысын бастады
Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан шығармашылық зиялы қауымының бірінші конгресі өз жұмысын бастады. Екі күнге жоспарланған шараға еліміздің барлық өңірлерінен зиялы қауым өкілдері қатысуда. Алқалы жиын бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты концерттік ұйымдар, театрлар, мұражайлар мен шығармашылық оқу орындарында әртүрлі тақырыптағы семинарлар мен кездесулер, көрме, қойылымдар мен концерттер белгіленген.
27 мамыр 2022
Қабылдау 2025