Консерватория жаңалықтары

2023 жылдың 12 қазанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы Концерт залында «Kazakh Piano Fest – 2023» фортепиано музыкасының Халықаралық фестивалі аясында «Қазақ рапсодиясы» фортепиано музыкасының кеші болып өтті.

12 қазанда консерваторияның Ғ.Жұбанова атындағы Камералық залында «Вокал өнері» кафедрасының доценті Валентина Шаплыконы еске алу кеші өтті.
2023 жылдың 11 қазанда консерваторияның мәжіліс залында «Қазақстан менің жүрегімде. Коган музыкалық әулетіне арнау» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

2023 жылдың 9 қазанында Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында фортепиано мектебінің негізін қалаушы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚазКСР еңбек сіңірген артисі, қазақстандық композиторлардың шығармашылығын насихаттаушы Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh Piano Fest - 2023» I Халықаралық фортепиано музыкасы фестивалінің шымылдығы ашылды. Халықаралық фестиваль қазан айының 9-13 аралығында өтеді.


Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талдап, түсіндіру бойынша басқосу болып өтті.

5 қазанда консерваторияның мәжіліс залында ҚР Халық артисі, композитор, профессор Бәкір Баяхуновпен шығармашылық мерейтойлық кездесу болып өтті.

Байқау екі кезеңде консерватория ішінде және республикалық деңгейде өткізіледі.