Menu HELPDESK

А.Жұбанов атындағы Кіші залда «Игеру» қазіргі заман музыкасы ансамблінің концерті өтеді

21 қазан, сағат 19.00-де Абылай хан даңғылы, 86 мекен-жайы бойынша орналасқан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы Кіші залында «Игеру» қазіргі заман музыкасы ансамблінің «Еуропа-Азия» атты концерті өтеді.

«Игеру» ансамблі 2015 жылы П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының түлегі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Санжар Бәйтерековтың бастамасымен құрылды. Ансамбль Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері мен магистранттарынан құралған.

«Игеру» ансамблінің музыканттары қазіргі заман композиторларының шығармаларын орындауды насихаттайды. Ұжымның репертуарында қазақстандық жас композиторлардың шығармалары орын алған.

«Біздің ұжым ХХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген композиторлар мен қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындайды. Өз концерттерімізде біз тыңдармандарға соңғы 50 жылда академиялық музыкада пайда болған қазіргі заманғы орындаушылық тенденцияларды түсінуге мүмкіндік береміз», – дейді ансамбль жетекшісі Санжар Бәйтереков.

21 қазанда Кіші зал сахнасында «Игеру» ансамблі «Еуропа-Азия» атты жаңа концерттік бағдарламасын ұсынады.

Бағдарламада:
Қазіргі заман композиторларының шығармалары
М.Смолька «Tears»
В.Лютославский «Subito»
М.Линдберг «Steamboat Bill Junior»
К.Ланг «Zwillingsqiptel»
С.Шаринно «Ai limiti della notte»
О.Хромова «Интермеццо»
Д.Бержапраков «Камлание»

Ансамбльдің құрамы:
Халықаралық конкурстардың лауреаттары
Меруерт Төленова (флейта), Дамир Бүркітбаев (кларнет), Сабина Атагельдиева (фортепиано), Гюзель Байузакова (скрипка), Павел Тарасевич (альт), Айдар Құспанов (виолончель), Тоқжан Каратай (қыл қобыз).

Көркемдік жетекшісі:
Санжар Бәйтереков

Концерттің басталуы сағат 19.00

Кіру билетпен.

Зейнеткерлерге, консерватория ұстаздары мен студенттеріне кіру тегін!

Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі

Анықтама телефондары: 261 07 12, 272 98 69, +7 701 272 98 69
Альбомдарға оралу