Menu HELPDESK

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артына із қалдырған» атты кеші

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консеравториясы «Арт-менеджмент» кафедрасының 2 курс студенттері және курс жетекшісі э.ғ.к., доцент Малаева Раушан Аманбекқызының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артына із қалдырған» атты кеш өткізілді.
Қазақтың бас ақыны хакім Абайдың ұлылығын ұлықтаған бұл кеште ақынның ел мұрасы үшін мәңгі сақталған жауһар жырларымен, адамды тал бесіктей түзейтін қара сөздері кеңінен насихатталды. Өз заманында аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермей қазақтың дана біткен дара тұлғасы ұлы Абай ақын барша өскелең ұрпақтың есінде қалары сөзсіз. Ендеше тау тұлғалы тарих кейіпкерлерін тану арқылы, біздің жастар болашаққа нақты қадаммен аяқ басады деген сенімдеміз.






Альбомдарға оралу