Menu HELPDESK

Академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы ақпараттық сессия

2024 жылғы 27 наурызда сағат 13:30-да А. Жұбанов атындағы кіші залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері үшін халықаралық бөлімнің «Академиялық ұтқырлық арқылы музыкалық өнердегі жолың» атты ақпараттық сессиясы өтеді.

Ақпараттық сессияда студенттерге музыкалық тәжірибесі мен білімін кеңейтуге мүмкіндік беретін білім беру саласындағы академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктер мен түрлі бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылады.


Альбомдарға оралу