Menu HELPDESK

Алматы қаласында Батырхан Шукенов атындағы музыкалық байқау өтеді.

Алматы қаласында Батырхан Шукенов атындағы музыкалық байқау өтеді. Алматы қаласында, 26 және 30 қараша күндері, Батырхан Шукенов атындағы алғашқы республикалық ағаштан жасалған үрмелі аспаптарда орындаушылар байқауы өтеді. Байқауда бес номинация бар: флейта, гобой, кларнет, фагот және саксофон. Іс-шараны Батырхан Шүкенов атындағы Қор Булат Утемуратов Қорының қолдауымен ұйымдастыруда.

Қазылар алқасы: Николас Краузе – «Жаңа Еуропа» оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, Франция; Кристиан Элин – саксофоншы және композитор, Германия; Николай Попов – флейташы, халықаралық байқаулар лауреаты, П. И. Чайковский атындағы Үлкен симфониялық оркестрдің солисті, Ресей; Аким Мухатжанов – Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясының үрмелі оркестірінің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Таңатар Нұралы – гобой класы бойынша Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртісі және Жанат Ерманов – кларнет класы бойынша Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

Финалда музыканттар Моцарттың немесе Глазуновтың концертін ойнауға тиіс, оларды «Камерата Қазақстан» оркестрі мен бұл кеште дирижер ретінде өнер көрсететін Николай Краузе сүйемелдейді. «Жаңа Еуропа» оркестрінің негізін қалаушы және танымал Отандық команда екі рет - үшінші кезеңде және 30 қарашада өтетін жабылу күніндегі гала-концертте сахнаға шақырылатын болады.

Пікір, сюжет дайындауға, сондай-ақ қонақтармен және конкурс ұйымдастырушыларымен жеке сұхбат алу мүмкіндігін алу үшін келесі байланыс телефондарына хабарласыңыз:

Нарина Рамазанова

+7 (708) 536 35 95

narinar@mail.ru, nariramaz@gmail.com

 






 

 

 

Альбомдарға оралу